jasqazaq.kz

Шатырдан кірген ұры ұсталды (видео)

04 қараша 2017, 13:21

27 қазан күні таңғы бестер шамасында ІІД жедел басқару орталығының фото және бейнебақылау инспекторы Бөгенбай батыр даңғылы бойында орналасқан дүкенге белгісіз біреудің шатыр арқылы ұрлыққа түскенің байқаған. Тез арада оқиға орнына полиция наряды жетіп, көп ұзамай 36 жастағы азамат полиция бөліміне жеткізілді.

Сонымен қатар, 2-ші қараша күні ІІД ЖБО-на Тұран даңғылы бойындағы автотұрақтан белгісіз біреулер бөтеннің мүлкін ұрлап кеткені туралы хабар келіп түскен. ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары аталмыш объектіні бейнеден қараған кезде сезіктілерге ұқсас жас азаматтарды байқаған.

Оқиға орнына жеткен полиция наряды кəмелет жасқа толмаған үш жасөспірімді ұстап, оларды ювеналды полиция бөліміне жеткізген. Жағдайды анықтау үшін жасөспірімдердің заңды өкілдері шақырылған.

Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) жедел басқару орталығының бейнебақылау деректері бойынша 27-ші қазаннан бері фото және бейнебақылау көмегімен 1631 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Соның ішінде, ұсақ бұзақылық 70-тен астам, қоғамдық орындарда алкогольді сусындарды ішу фактілері 178, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері 513, басқа да заң бұзушылықтар 700-ге тақау.

Сонымен қатар, ЖБО-ның бейнебақылау камералары арқылы 9 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау бар.

NUR.KZ

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы