Қазақстандық былғары қолғап шебері Айдар Шәрібаев колумбиялық Даулис Прескотты бірінші раунда нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
АҚШ-тың Киссимми қаласында бірінші жартылай орта салмақ санатында өткен кездесу бірінші раунда техникалық нокаутпен аяқталды. Айта кетейік, жерлесіміз Айдар осымен жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп отыр. Оның 6-ауы — нокаут. Ал оның бүгінгі қарсыласы Прескотт болса 37 кездесу өткізген. Бұл — оның алтыншы жеңілісі.