jasqazaq.kz

Серікболсын Жалғасұлы ең үздік бүркітші атанды

01 қараша 2017, 12:46

 

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен атақты бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің республикалық турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

 

Еліміздің бірнеше облысынан келген жиырмадан астам қыран құстар бәсекесі Елорда іргесіндегі Қоянды ауылының аумағында өткен болатын. Қолға шақыру, шырғаға түсіру арқылы екі күн алғырлықтары сыналып, үздіктері іріктелген бүркіттерді ақтық сында қоянға салып сынады. Үздік деп танылған оншақты бүркіттің қоянға түсуі төрешілер берген ұпаймен бағаланып, бес бүркітші жарыс жүлдесін иеленді. Биыл үшінші мәрте жалауы желбіреген Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы турнирде Жамбыл облысынан келген жас бүркітші Серікболсын Жалғасұлы жеңімпазы атанды. Атадан мұра асыл өнерді жастарымыздың жете меңгергені көңіл қуантуда. «Қоңырдолыны өзім өсірдім. Қазір жасы екіде, екеуміз бір-бірімізге үйренісіп қалдық. Арманым ең атақты бүркітші болу», — дейді жарыс жеңімпазы Жалғасұлы Серікболсын. Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы республикалық ІІІ турнирдің жүлдегерлері: 1 орын — Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы) 2 орын — Сейітжан Алмас (Алматы облысы) 3 орын — Абдулкәрімұлы Сармат (Атырау облысы) 4 орын — Тастанбек Байрақ (Қостанай облысы) 5 орын — Шөленбаев Қанат (Ақмола облысы)

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы