jasqazaq.kz

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

03 ақпан, 13:58

Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. 

Серік Сапиев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорттық блогының үйлестірушісі болып тағайындалды. Бұл шешім биылғы жылы күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация жүйесі аясында қабылданды.

Серік Сәпиев — бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, өңірлік басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті.

inform.kz хабарлағандай, штаб құрамына Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері және спорт саласының ардагерлері енді. Олар дайындықтың әрбір кезеңін пысықтап, қойылған міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

 Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес