Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмаханның «Қайда» әніне қарсы «Бар-бар» әнін жарыққа шығарды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аталған әннің әні мен сөзін жазған Ерболат Қарақойшы болса, орындаушы Серік Ибрагимов. Әннің авторы «Бар-бар» әнін Ерке Есмаханға барша жігіттердің атынан жауап ретінде шығарғанын өзінің инстаграм парақшасына жазған.
«Ал достар! Ерке ханымның «Қайда», «Жоқ» деп салған әніне «Бар-бар» деп жазған жауабымды Серік Ибрагимов бүкіл қазақ жігіттерінің атынан жеткізіп жатыр. Қабыл алыңыздар, телефондарыңызға қағып алыңыздар, «жоқ-жоқ» деп жүрген сүйіктілеріңізді тауып алыңыздар», — деп жазған жас ақын Ерболат Қарақойшы.