jasqazaq.kz

Сериал көп, ізденіс жоқ

27 қантар 2017, 13:07

Телесериал бейне бір жады сияқты. Өмірдің. Күнделікті тіршіліктегі шытырман оқиғалар. Жадыға сақталған. Баяндау мәнері де осы естеліктерді ақтарады.

Оның тілін қолданудың мүмкіндігі зор. Телеарнада. Түрлі жанрда. Нағыз идеология құралы. Сананы емдеудің барлық тәсілдері тұнып тұр. Рухани. Түсінген маманға.
Телеарнаға телмірген жұрт не көріп жүр?! Көрерменге не ұсынып жүрміз?! Есеп беретін сәт келді. Халыққа.
Әр адамның тағдыры елеулі оқиға. Бірақ оның бәрі экранға шығуға негіз бола алмайды. Сараптамасақ, сайқымазақ ойынға айналады. Талғамды бұзатын. Жүйелемесек, жүйкені ауыртады. Бос, берері жоқ, қорытынды жоқ. Ұзын-сонар мезі оқиғалармен.
Экран өнері өмірдің соңғы сәтіндегідей қорытынды тұжырымды талап етеді. Сұрыпталған. Ой салатын. Үлгі болатын.
Телесериал өмір күнделігіндей. Әр күніңнің сырын ашатын. Оқиғалардың мағынасын ақтаратын. Себебін іздейтін. Түсіндіретін. Оңаша бір әлемге енетін. Өзіңді өзің іздейтін. Жалғыздығыңды бөлісетін. Естеліктер. Өмірдің жадына жазып қалдыратын.
Өзге елдің телесериалдарына телмірді деп айыптау ағаттық. Көрерменді. Шеберлік діттеген биігін алады. Табындырады. Таңқалдырады. Табиғатына сүйсінесің. Оқиғаның. Өміріңе айналғандай. Әсер береді. Бұл мойындау. Өнердің тілін.


Санаңа бәрі сіңеді. Жүрегіңмен қабылдайсың. Жақыныңдай. Уайымдайсың. Кейіпкерлердің өмірін. Тағдырына алаңдайсың. Өз тағдырың тас-талқан болғандай. Зарыға күтесің. Жалғасын.
Бұл телесериалдың құдіреті. Түсінген ел, оның мүмкіндігін мақсатты түрде қолданды. Өз құндылықтарын насихаттауға. Салт-дәстүрінің сырын ұғындыруға. Әдемі жоралғыларын. Нақышын. Мәнерлеп, баяндай білді. Ерекше оқиғаларымен.
Құнды телесериалдар бар. Тарихи маңызды. Танымдық. Ұстанымын айқындайтын. Ұлтының. Өресін жеткізетін. Өсиетін паш ететін. Дәстүрін әдемі бейнелейтін. Еліктеп өлесің, ісін қайталап. Ұлттық киімдеріне тамсанып. Әшекей-бұйымдарының көшірмесін болса да іздеп.
Көрермендерімізді осы күйге душар еткен түріктің «Сүлеймен Сұлтан», қытайдың «Құбылай хан» мен «Шыңғыс хан», корейдің «Жумонг ханзада», үндінің «Келіні», шын мәнінде бағалауға тұрарлық үздік телесериалдары. Көркемдік құны жоғары.
Бізде телесериал көп. Отандық. Үйренген. Қатардан қалмай. Нарықтан. Көшірменің көлеңкесінде қалмағанын тілейміз. Келешекте.
Ұзақ іздедік. Өзімізді. Келбетімізді. Қырық құрақ оқиғалармен. Ойдан құралған. Өмірлік негізі жоқ. Ұлттық нақышы жоқ. Болмысы, танымы, өресі жоқ. Жүректі қозғамайтын. Сананы сілкімейтін. Төңкермейтін. Құбылысқа айналмаған. Әлемнің экранында. Жәй оқиғалар. Бос. Батыстан сіңірген бояу. Көбісі. Тым жасанды. Жалықтыратын. А.Сатаевтың «Ағайынынан» басқасы. Ағайын деген қазақта бітпейтін тақырып. Ауызбіршілігін үлгі етсе.
Ізденбейді. Мамандар. Жеткілікті деңгейде. Өзге ұлтты қайталау мүмкін емес. Өзің тұрғанда. Өз әлеміңді ашатын. Есігін. Айқара. Жер шарынға. Қызықтыратын. Көркемдігіңе. Табындыратын. Болмысыңа.

Таңқалыс тудыра алсаң. Өнеріңе. Өз әлеміңе. Үлгі болсаң. Мәжбүр болады. Өзге ұлттар. Тіліңді де үйренуге. Білуге. Тануға. Етене араласуға.
Телесериал ықпалды. Психологиялық күші көп. Күнде экранға тәуелді көрермендер бар. Бос кеңістігін толтыратын. Уақытын арнайтын. Өз өмірінен жалыққанда. Өзгенің өмір сүру үлгісіне қарайтын. Оқиғасын ой елегінен өткізетін. Қиялымен кейде сол әлемде өмір сүретін.
Осындай аудиторияға не ұсынып отырмыз?! Күнделікті өміріне оң ықпалы бар ма? Рухани сұранысын өтей ме? Қызығушылығын арттыра ма? Қандай оқиғалар?! Құбылысқа айналған ба?! Идея ауқымды ма? Әлем экранының назарын ұстаудың басты нысанасына айнала ма?! Осыны ойланатын уақыт жетті. Мамандарға.

 

Гүлзат КӨБЕК,
кинотанушы,
өнертану PhD докторы

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды