jasqazaq.kz

Сенаторлар әскери кафедра тынысымен танысты

29 қазан 2022, 21:23

2022 жылдың 28 қазанында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Дана Нұржігітова мен Сергей Ершов келді. Олар кафедраның оқу-материалдық базасымен және әскери дәрістерді беру барысымен танысты.
Әскери кафедра бастығы, запастағы генерал-майор Еділ Уразов ЕҰУ әскери кафедрасының 2002 жылы құрылғанын атап өтті. Осы кезеңде бес мыңнан астам запастағы офицерлерді түрлі мамандықтар бойынша дайындап шығардды. Қазіргі таңда әскери кафедрада 905 студент білім алуда. Бастапқы кезеңде олар екі-ақ әскери мамандық бойынша білім алса, қазір оның саны он екіге жетті.

Биылғы оқу жылында әскердегі өте тапшы үш мамандыққа — «Әскери журналистика», «Ақпараттық-сараптамалық қызмет» және «Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмысын ұйымдастыру» қосымша мемлекеттік тапсырыс алынды.

ЕҰУ-де әскери журналистерді дайындаудың басталуы университет үшін тарихи оқиға екенін ерекше атап өткен жөн. Әскери журналистер Қазақстанда 30 жылдан бері оқытылған жоқ. Осы уақытқа дейін мемлекеттің күштік құрылымдарының әскери БАҚ-тарында қызмет атқару үшін азаматтық жоғары оқу орындарын бітірген журналистер — запастағы офицерлер шақырылып келді.

КСРО Қарулы Күштері үшін әскери тілшілер тек Львов жоғары әскери-саяси училищесінде ғана дайындалғанын естеріңізге сала кетейік.
Қазақстан Парламенті Сенаты депутататтары профессорлық-оқытушылық құраммен және студенттермен кездесіп, әңгімелесті. Олар әскери кафедраның барлық үш циклі бойынша оқу сабақтарына қатысып, «Солдат-бақылаушы» тактикалық даярлығы бойынша тәжірибелік дәріске ерекше көңіл бөлді. Студенттер сенаторлардың сұрақтарына ашық, анық, сауатты жауап берді. Әңгіме барысында сенаторлар олардың әскерге деген оң көзқарасын, өз мамандығының, жалпы әскери өнердің негіздерін түсінуге деген қызығушылықтарын атап өтті. Жиын соңында қонақтар жұмылдыру резервін дайындау мен жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды.
Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біз – ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған батырлар еліміз. Ерлеріміз жер шетіне жау тимесін деп әрқашан бес қаруын сай ұстаған. Ел басына күн туса, ту түбінен табылған. Айбынды армиямыз және басқа да қауіпсіздік құрылымдары — мемлекетіміздің берік қалқаны».

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов жоғары сапалы жұмылдыру резервін дайындаумен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға лайықты үлес қосып келе жатқан ЕҰУ әскери кафедрасының қызметі туралы құрметті қонақтар кітабына оң пікір жазып, қалдырды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті