jasqazaq.kz

Сенат жаңа Салық кодексін Мәжіліске қайтарды

23 маусым, 12:40

 

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында жаңа Салық кодексі мен ілеспе құжат екі оқылымда қаралды. Сенат құжаттың кейбір баптарын жаңа редакцияда ұсынып, Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Мәжіліс қабылдаған Кодекске мынадай негізгі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады:
— шаруа немесе фермер қожалықтарының (ШФҚ) кірістері бойынша жеке табыс салығына (ЖТС) прогрессивті салық салуды енгізу;
— Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – KASE) мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы арасындағы төрелікті болдырмау мақсатында KASE-де бағалы қағаздардың айналысына байланысты азаматтардың табыстары бойынша дивидендтерді ЖТС-тан босату бойынша салық жеңілдігі ұсынылды;
— төлем карточкаларына байланысты операцияларды қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату бойынша жеңілдік көзделеді. Қазақстандық банктердің клиенттеріне қызмет көрсету бойынша халықаралық төлем жүйелерімен қиындықтарды болдырмау және карталармен төлем жасау кезінде транзакциялар құнының қымбаттауын болдырмау үшін қолданыстағы жеңілдікті сақтау қажет;
— сән-салтанат заттарына салық салу бойынша жеке нормалар белгіленеді. Жеке тұлғалар ғана сән-салтанат заттарына акциз төлеушілер болады. Бұл ретте автомобильдер, кемелер және ұшу аппараттары сияқты сән-салтанат заттарына салық салу олардың импорты кезінде ғана емес, егер олардың құны шекті сомадан артық болса (автомобильдер үшін – 75 млн теңгеден астам, кемелер мен ұшу аппараттары үшін – 100 млн теңгеден астам), оларды ел ішінде сату кезінде де салық салынады;
– резидент емес азаматтар үшін мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) жасалатын айналымға байланысты кірістер бойынша қолданыстағы салық жеңілдіктерін сақтау ұсынылды. МБҚ нарығына шетелдік инвесторларды тарту инвесторлық базаны әртараптандыру және бюджет тапшылығын тұрақты қаржыландыру үшін негізгі бағыт болады. Сондықтан МБҚ айналымдарынан бейрезиденттердің кірістеріне салық салуды енгізу капиталдың кетуіне әкелуі мүмкін;
— салық салу объектісіне, салық базасына, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) санаттарын ұлғайтуға, шегерімнің немесе жеңілдіктердің күшін жоюға немесе азайтуға қатысты Салық кодексіне өзгерістер ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қабылданатын және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілетін толықтыру ұсынылған;
— мүгедектігі бар адамдар саналатын жұмыскерлер саны кемінде 10 адамды құрайтын кәсіпорындарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды ҚҚС-тан босататын норма көзделеді;

— отандық мерзімді баспа басылымдарын өткізу бойынша айналымға 10% мөлшерінде ҚҚС мөлшерлемесі белгіленеді;
— салық салу мақсатында шаруа немесе фермер қожалықтарына өтеусіз берілген мүліктің құны арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде қаралмайтыны белгіленеді;
— әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу бойынша айналымдарды ҚҚС салудан босату жөніндегі норманы алып тастау ұсынылды.
Ілеспе заңға мынадай ұсыныстар енгізілді:
— Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа жеңілдікті салық режимінің енгізілуіне байланысты өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимінде барлық жеке тұлғалар және интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін жекелеген жеке кәсіпкерлер үшін міндетті әлеуметтік төлемдерді төлеу тетіктерін реттеуге қатысты өзгерістер енгізілді.
— Бюджет кодексіне «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында мемлекеттік бағалы қағаздардың айналымына заң жүзінде тыйым салатын өзгерістер енгізілді.

JQ-Aqparat

Сурет: https://senate.parlam.kz/

Бүгін, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы