jasqazaq.kz

Сенат тағы да Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты

26 маусым 2025, 10:37

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды.

Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді.

— Сенаттың қарауына Досжан Сарманқұлұлы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Судья зейнеткерлік жасқа толды. Ол судьялар қоғамдастығында жоғары беделге ие, — деді Дмитрий Малахов.

Сонымен қатар Жоғарғы сот судьясы қызметінен Герман Каримұлы Нұрбаев босатылды. Ол жақында ТМД Экономикалық сотының төрағасы лауазымана сайланған еді.

Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.

Досжан Сарманқұлұлы Жамбыл облысында туған. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

Еңбек жолы: 1979-1980 жылдары Жамбыл облысы Чапаев атындағы совхозда ток дәнекерлеуші, 1982-1988 жылдары совхоздың машина ауласының слесарі, 1988-1989 жылдары Петропавл қаласының заң кеңсесінің адвокаттар алқасында тағылымдамашы, 1989 жылы Петропавл қаласының адвокаты, сол жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарған. 1990 жылы СҚО Ленин аудандық сотының судьясы, 1990-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мүшесі, 1997-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, 1999-2002 жылдары Теміртау қаласы сотының төрағасы, 2002-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2007-2009 жылдары Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2009-2010 жылдары Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2010-2011 жылдары Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы, 2011-2015 жылдары Маңғыстау облыстық сотының төрағасы, 2015-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2017-2022 жылдары Ақмола облыстық сотының төрағасы лауазымын атқарды.

Коллаж: Kazinform

Бүгін, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам