jasqazaq.kz

Семейліктер биыл жылусыз қалуы мүмкін

13 қазан 2022, 13:42

Сенатор Айнұр Арғынбекованың айтуынша, тиісті қаражат бөлінбесе, семейліктер қыста жылусыз қалуы әбден мүмкін,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысы биыл құрылған Абай облысына сапары барысында қаланың жылыту жүйесінің әбден тозуына байланысты бірқатар тапсырма берді. Менің депутаттық сауалыма Абай облысындағы өзекті мәселелер арқау болды. Әлеуметтік маңызы бар нысандарға бюджетті қарастыруға қатысты мәселе бар. Қаланы жылумен жабдықтайтын жылу-коммунэнергия саласы тариф тапшылығының себебінен шығыны көп болып отыр. Көмір сатып алуға өздерінің қаражаты жоқ. Бұл жылыту маусымындағы кедергілерді тудырып отыр», — деп атап өтті сенатор Сенат кулуарында.

Сенатор жылыту маусымы кезінде жағдайы нашар жергілікті ЖЭО Семей қаласының тұрғындарының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретіні туралы өзінің депутаттық сауалында да айтты.

«Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша «Жылукомунэнерго» МКК несие берешегі 2,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жалақы бойынша берешек — 318 млн теңге. Түскен барлық қаржы жалақы төлеуге беріледі. Жылыту маусымында үзіліс болу қаупі бар, бұл климаты қатал аймақ жағдайында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға әкелуі мүмкін. Оны ҚР Үкіметінің резервінен 1,4 млрд теңге сомасында қаржы бөлу арқылы қолдау қажет. Есеп-қисап жасалды, қаржылық негіздеме бар», — деді Айнұр Арғынбекова.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті