jasqazaq.kz

Семейдегі Ана үйін паналаған келіншекті қазақтың салтымен ұзатты

22 ақпан 2018, 0:04

Дидарай Құсайыноваға сәукеле кигізіп, оны сыңсумен шығарып салды. Бүгінде бір ұлдың анасы өмірден талай қиындық көрген. Әке мейірімін көрмей өскені өз алдына, бірінші жары да жүктілік кезінде тастап кеткен. Ал бұл мекемеде балалы әйелдерге бір жылдан артық тұруға рұқсат жоқ екенін ескерсек, қызметкерлер де Дидарайдың өз орнын тапқанына қуанышты.

21 жастағы Дидарай Құсайынова жастайынан тағдыр тәлкегін көрген. Шынашақтай кезінде, ата-анасы ажырасып әке мейірімін де көрмей өсіпті. Тіпті, есейе келе таңдаған жары да алдап соққан. Айтуынша, алғашында сүйемін- күйемін деген желеумен шаңырағына кіргізіп, жүкті болған сәтте одан жалт бұрылған. Ақыры сатқындықтан барар жер, басар тау таппаған келіншек құрсағындағы сәбимен Ана үйінен бір-ақ шыққан. Енді, бұл өткен өміріне көз жұма қараған азаматтың жолыққанына тәубә деп отыр.

Дидарай Құсайынова, қалыңдық:

-Болашақ жарыммен құраннан дәріс беретін бір ұстазым арнайы шақыртып, осындай қыз бар деп таныстырды.Ол кісі маған да жие айтатын мықты бір бала бар екенін. Сөйтіп, бір-бірімізді көріп ұнатып таныстығымыз махаббатқа ұласты.

Осылайша, аналар үйіндегілер Дидарайды әкетуге келген құдалары мен күйеу жігіт Ерсінді жақсы дайындықпен қарсы алды.Олар кішігірім қыз ұзату тойын жасауға дайындалып үлгерген. Тіпті, Дидарайға сәукеле кигізіп, әдемілеп шығарып салды. Бүгінде Ана үйін Дидараймен тағдырлас 14 келіншек паналап отыр. Олардың барлығы – жауапсыз махаббаттың құрбандары.

Айнагүл Нұртазина, Семей қаласы «Ана үйі» қоғамының қоғамдық үйлестірушісі:

-Жастары олардың 15-30 ға дейін. Өкінішке орай, ішімізде оқушы қызымыз бар. 9 сыныпта оқиды. Әке-шешесі ол қыздан бас тартқан.

Мұндағылардың барлығының туған-туыстары бар. Бірақ олар жолдан бала тапқан қыздарынан жаппай теріс айналған. Ал құрсағына біткен сәбиін қимағандар қазір Ана үйін паналап отыр. Әйтсе де, бұл баспанада балалы келіншектерге бір жылдан артық тұруға рұқсат жоқ.

Дереккөз: КТК телеарнасы

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды