jasqazaq.kz

Семейдегі әлімжеттік: бала мемлекет қамқорлығына алынды, кінәлілер қатаң жазаға тартылды

02 сәуiр, 12:34

Биылғы ақпанда әлеуметтік желіде Семейде орын алған оқиғаның бейнежазбасы тарады. Үш-төрт жасөспірім бір балаға қорқауша жабылып, тепкілеп, қорлап жатқан көрініс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұдан кейін 11 жастағы Әлинұрдың өмірі өзгерді ме, мемлекет тарапынан оған қандай көмек көрсетілді?

Жәбір көрген бала мен оның отбасына мемлекеттік органдар әлі күнге жәрдем көрсетіп жатқаны белгілі болды. CMN жазғандай, мамандар баланың денсаулығы мен психоэмоционалдық жағдайын бақылауда ұстап отыр. Сотта ата-анасының мүддесін қорғайтын адвокат тағайындалды. Осы оқиғаға бей-жай қарай алмағандар қаражат жинап, баланың отбасы пәтер сатып алды. Сондай-ақ жәбір көрген бала мен оның әпкесін өздері таңдаған мектепке ауыстырды.

Абай облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Элзира Солтанбаева: «Мемлекет, мектеп және медициналық мекемелер тарапынан қолдау көрсетілді. Отбасының адвокаты бар. Ол барлығын бақылауда ұстап отыр. Психологтар да жұмысын жалғастырады. Бұл бір күннің жұмысы емес», — дейді.
Ішкі істер министрлігіне қарасты «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы Әлинұрды өз қамқорлығына алды. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсем Нүскенова: «Осы оқиғадан кейін біз бірден полицияға хабарластық. Балалардың өкілдері, психолог, бала құқықтары жөніндегі уәкіл, бәріміз түннің ортасына дейін полиция бөлімінде болдық. Бір жыл бұрын облыста психологиялық жәрдем беретін орталық ашылған болатын. Орталық психологтары балалармен жұмыс істей бастады», — деді.

Ал Әлинұрға жәбір көрсеткендерге қандай жаза қолданылды?

Ең алдымен облыстық білім басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі қалалық, содан кейін облыстық комиссияда әрқайсысының әрекетін саралады. Содан кейін алты жасөспірімнің ісін сотқа жіберді.

Абай облыстық сотының шешімімен 13 және 16 жастағы қыздар девиантты мінез-құлқы балаларға арналған мамандандырылған мектепке төрт айға жіберілді. Олардың бірнеше рет заң бұзғаны анықталды: қоғамдық орындарда ішімдік ішкен, түнде қайда жүргені белгісіз, үйінде қонбаған. Ал 13 жасар бала айрықша ұстау режиміндегі мектепке орналастырылды. Ол екі айдың ішінде екі қылмыстық іс жасаған, бірақ ол кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпеген. Бала қаңтар айынан бері ювеналдық полиция тіркеуінде тұрған.

Айта кетк керек, мектеп басшылығы осы балалардың құжатын кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарауына бірнеше рет жіберген көрінеді. Алайда жасына байланысты есепке қою мүмкін болмаған.

Күні кеше Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектеп оқушысын соққыға жыққан жеткіншектердің ата-аналарына қатысты үкім шығарды.

Сот шешімімен олар ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамауының әкімшілік жазаға әкеліп соғуы бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Ата-аналардың бірі бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Төртеуіне 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ата-аналар балаларының мінез-құлқын, жүріс-тұрысын дұрыс қадағаламаған. Сот шешім шығарарда барлық мән-жайды ескерді.

Jas Qazaq

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр