jasqazaq.kz

Семейде жантүршігерлік жол апаты болды

02 қараша 2017, 23:11

Семейде жан түршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында 2 жастағы бала бар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жол апаты түн жарымында, қаланың қақ ортасында болған. БМВ-ны тізгіндеген 26 жастағы жүргізуші кішілеу көшеден үлкендеу жолға шығып келе жатқан Ладаны қағып өте шыққан. Соған қарағанда, неміс көлігі өте қатты жылдамдықпен келген сияқты. Ал Ладада отырған 64 және 24 жастағы екі әйел оқиға орнында жан тапсырды. Осы көліктен ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген баланың да өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Екі машинаның да жүргізушілері дін аман. Қазір полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар жол апатына кімнің кінәлі екенін анықтап жатыр.

Елеубек Оспанов, Семей қалалық ІІБ баспасөз хатшысы:

-Екі жүргізушінің кінәсін нақтылайтын сараптамалар және басқа да тергеу амалдары жүргізілуде. Соның нәтижесінде процесуалдық шешім қабылданатын болады. Қазіргі таңда, сот-медициналық сараптамасының негізінде БМВ автокөлігінің жүргізушісі сау болған. Ал, ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісінің де ішімдік ішкені анықталған жоқ.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы