jasqazaq.kz

Семейде заңсыз сатылған әуежай кері қайтарылады

17 ақпан 2018, 22:13

Семей әуежайын мемлекет меншігіне қайтару әрекеттері жалғасып жатыр.
Осы жылдың басында нысан мүліктерімен қоса аукцион арқылы жекеменшік компаниялардың біріне сатылып кеткен болатын. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Бұл туралы мәлім болған соң, облыс әкімдігі «Семейавиа» мекемесін сотқа берді. Ал фемида өкілдері өз кезегінде сатып алу жөніндегі келісімшартты заңсыз деп тапты.
Естеріңізге сала кетейік, 2 жылдан бері бұл әуежай ауқымды күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл мақсатқа мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 10 миллиард теңге бөлінген. Атқарушы билік өкілдері жөндеу жұмыстарын биыл аяқтауды жоспарлаған.
Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі:
— Сот шешімімен конкурстық басқарушы облыс әкімінің талап арызы бойынша сатып жіберген ғимаратты қайта қайтарды. Қазір бұл мәселе қайта қаралады. Нысан қайтадан саудаға шығарылып, мемлекет меншігіне өтуі тиіс.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды