jasqazaq.kz

Семейде шағын саябақтың бір бөлігін жергілікті атқамінерлер сатып жіберген

13 қараша 2017, 21:48

Қаладағы бүтіндей бір ықшамаудан тұрғындары осыған наразылық білдіріп отыр. Айтуларынша, саябақ аумағының сатылуы салдарынан серуендейтін жер тарылып кеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Анар Тоқтарбекова, Семей қаласының тұрғыны:

Мен бұл жерді әдейі зерттеп білдім. Әкімдік жекенің қолына сатып жіберген екен. Олардың адам демалатын жерді сатуға қандай құқығы бар? Бұл қоғамдық орын ғой.

Жаңа қожайын онда өсіп тұрған жасыл желектің бірін қалдырмай отап тастаған. Тіпті, балалар ойнайтын алаңқаймен қоса орындықтардың да көзін құртқан. Осыдан кейін тұрғындар құзырлы органдардың барлығына шағым түсіріпті. Алайда жарты жыл уақыт өткенімен, ешқандай мардымды жауап ала алмаған. Жергілікті жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері оның аукцион арқылы сатылып кеткенін растады. Айтуларынша, 300 шаршы метр жерді 4 млн 300 мың теңгеге сатып алған кәсіпкер мұнда жабық спорт сарайын салмақ екен. Ал саябақтың қалған бөлігі тұрғындар демалатын орын есебінде қала береді.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы