jasqazaq.kz

Семейде пара алмақ болған мектеп директоры сотталды

16 қараша 2017, 17:52

Семей қаласының №2 сотында тұрақты тіркеусіз баланы білім ордасына қабылдағаны үшін пара алмақ болған мектеп директорына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қаласының №2 сотын баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Директорға қатысты сот ісі бүгін соңына жетті. Сот материалдарына сәйкес, қаладағы №7 орта мектептің директорына семейлік тұрғын өтініш білдіріп, өзінің танысының балалаларын тұрақты тіркеусіз мектепке қабылдауды сұраған. Білім ордасының басшысы оқушыларды қабылдайтынын, алайда бұл қызметтің тегін болмайтынын ескерткен. Өтініш білдірушілерден алдымен көліктің дөңгелегін сұраған. Алайда аз уақыт өткеннен кейін директор құны 63 500 теңгелік видеотіркеуіш сатып алып беруді бұйырған. Нақты қылмыс барысында, яғни параны алу кезінде мектеп басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері қолға түсірді. Мектеп директоры Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-бөлігі бойынша жауап беруіне тура келді. Сот үкімі бойынша, 63 500 теңгелік «сыйлық» елу еселеніп, директорға 3 миллион 170 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен бірге, сотталушының мүлкі тәркіленіп, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті