jasqazaq.kz

Семейде болған өрттің шығыны қанша?

12 маусым 2018, 17:27

«Семей орманы» табиғи резерватында болған өрттің шығын көлемі 78 млн теңгені құрады. Тексеру жұмыстарын жүргізген арнайы комиссия осындай шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, 21 мамыр күні сағат 14.00-де «Семей орманы» табиғи резерваты аумағындағы орман өртенген болатын. Өрттен орман аумағының 260 гектары жанып кетті. Оның ішінде 218 гектары қылқан жапырақты ағаштар. Тілсіз жауды ауыздықтауға 350 адам және 40 арнайы техника жұмылдырылды. Қазір мамандар өртенген аумақтарды қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Ал өрттің шығуына адам кінәлі екені анықталды. Тергеу жұмыстары әлі жалғасуда. «Арнайы жасақталған комиссия өз жұмысын аяқтап, толық шығын көлемін анықтады. Қазір мамандар өрт орын алған аумақта жанып кеткен ағаштарды кесіп, аумақты тазалаумен айналысып жатыр. Бұл жерлерге қайтадан ағаш отырғызылады. Ал өрттің әдейі қойылғаны белгілі болды. Бұл жұмыстармен қалалық Ішкі істер басқармасының мамандары айналысуда»,- деді «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бөлімше директоры Ринат Бастамиев.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды