Семей: Перзентханада дәрігерлер нәрестені оңдырмай күйдіріп алған (Видео)

11 наурыз, 21:43

Семейде төртінші баласын босанған келіншек шындық іздеп шырылдап жүр. Себебі айы-күні жетіп, аман-есен босанған нәрестесін дәрігерлер оңдырмай күйдіріп тастаған. Алғашында дәрігерлер баланың жылытуға арналған төсенішке күйіп қалғанын мойындаған көрінеді. Енді «бұл тұқым қуалайтын дерт болуы мүмкін» деп ақталып әлек. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

32 жастағы Камаль Оразғалиева 2 қаңтарда шекесі торсықтай ұл босанған. Өмірге әкелген төртінші баласының салмағы 4 келі 150 грамм.» Аман-есен өмірге әкелген нәрестемді дәрігерлер күйдіріп тастады», — дейді. Қазір кішкентай Әлидің денесінің сау тамтығы қалмаған. Жамбасы мен иығы, арқасының терісі күйіктен үлбіреп жатыр.

Амангелді Жұмашев, әкесі:

— Бала сау болып туды. Ешқандай ауруы, ештеңесі болған жоқ. Тоғыз ай жүрді. Әйелім ауырған жоқ. Бүкіл анықтамасы бар. Балам 4 келі 150 грамм, бойы 58 см. Аман-сау туылған бала.

Әділдік іздеп шырылдаған ата-ананың айтуынша, дәрігерлер мұны тәулік бойы жасырып, тіс жармаған. Ал екінші күні анасына шақалақтың жылытуға арналған төсенішке күйіп қалғанын мойындаған көрінеді. Бір-ақ дүйім жұртты дүрліктірмеуді өтінген.

Камаль Оразғалиева, анасы:

— Олардың айтуынша, бала жылытуға арналған төсенішке күйіп қалған. Мен бірден төменгі қабатқа түсіп, қарадым. Артынша олар жараны жарып, хирург шақырды. Сондай-ақ менен айқай-шу шығармауымды сұрады. Осы күнге дейін күйкіпен емдеп келген болатын. Енді «тұқымынан берілуі мүмкін, күйік емес» деп отыр.

Дәрігерлер біз келеді деп күтпесе керек. Алғашында абдырап қалып, сұқбат беруден шетінен жалтара бастады. Кейін «сәбиді күйдірмедік, бұл тұқым қуалайтын дерт болуы мүмкін» деп ақталуға көшті. Бірақ оның қандай сырқат екенін анықтауға шамасы жетпей отыр. Сондықтан олар шақалақты дереу Астанаға аттандырамыз дейді.

Шынар Астаева, Абай облысының бас неонатолог дәрігері:

— Басында біз күйік деп есептедік. Оны жоққа шығармаймыз. Ол диагнозбен Астанадағы дәрігерлерге бәрін айттық. Оны жоққа шығарып отырған ешкім жоқ. Қазір бұл белгілер күйікке ұқсамай жатыр. Қалыпты жағдайда күйік алты тәулікте жиналып, өзіңіз қолыңызды күйдірсеңіз де, ол жақсарады.

Алайда зар қаққан ата-ана дәргерлердің сылдыр сөзіне сенбейді. Ал нәрестенің тұқым қулайтын дертке шалдығуы мүмкін деген уәжіне сенбей отыр. Олардың пайымынша, нәресте салғырттықтан күйіп қалған. Қазір олар әділдік іздеп полиция қызметкерлеріне арыз жазды.

05 наурыз, 12:03
Дәулет Дидахметұлы: Әкемнің шығармалары – уақытпен өлшенбейтін құндылық
01 наурыз, 10:08
Президент: Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді
24 ақпан, 11:57
Жалған психологтар мен коучтардан қалай арыламыз?
19 ақпан, 16:29
Ораза ұстап арақ ішсе, сауабы болмайды
19 ақпан, 14:25
Алмақтың салмағы: танымал тұлғалардың салық төлеуден басқа амалы жоқ
18 ақпан, 12:10
"Б/У" гүлдің саудасы. Шын көңілмен сыйлаған гүлді сату дұрыс па?
17 ақпан, 12:41
Блогер неге «жылайды»?
13 ақпан, 16:54
Баланың тілі кеш шықса, анасы кінәлі ме?
10 ақпан, 14:08
“Изи”, “краш”, “вайб”. Сленг сөздер тілдік тренд пе, әлде әдеби нормадан ауытқу ма?