jasqazaq.kz

Семей машина жасау зауыты директорының кабинетіне қатысты түсінік берілді

20 қазан 2022, 17:23


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Семей машина жасау зауыты басшысының кабинетіне қатысты видеоға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 19 қазанда бұқаралық ақпарат құралдарында «Семей машина жасау зауыты» АҚ директорының кабинетінің видеожазбасы жарияланды.

Бейнежазбаны «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ басшысы Т.К. Әбдірахманов түсірген.

Семей машина жасау зауыты «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қарамағындағы зауыт болып табылады.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, кәсіпорынның 2015 жылдан бері жинақталған шығыны шамамен 1,9 млрд теңгені құрайды, ал кредиторлық берешектің өсуі 3 млрд теңгеден асты.

Осы жылдың ақпан айынан бастап зауытқа қатысты сот шешімімен 5 жыл мерзімге оңалту рәсімі қолданылды.

Кредиторлар комитетінің шешімі бойынша биылғы 25 қазаннан бастап зауытта аудит басталады.

Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ешқандай материалдар мен өтініштер түскен жоқ», — делінген мәліметте.

Бұл ретте, атап өтілгендей, оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттермен, сондай-ақ қасақана банкроттықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтармен Экономикалық тергеу қызметі айналысады.

Еске салайық, кеше әлеуметтік желілерде Семей машина жасау зауыты басшысының кабинетінен түсірілген видео тараған болатын.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті