jasqazaq.kz

«Сбербанк Қазақстанның» атауы «Береке банк» болып өзгереді

13 қыркүйек 2022, 10:59

«Сбербанк Қазақстанның» атауы «Береке банк» болып өзгереді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты.

Шарлапаевтың айтуынша, ресейлік «Сбербанктен» сатып алынған Қазақстандағы еншілес банк ребрендингтен өтіп, жаңа атау алмақ.

«Ребрендинг міндетті түрде болады. 1 қыркүйекте меншік құқығын беру транзакциясын жаптық. Жаңа банк «Береке банк» деп аталады. Қазақша жақсы сөз, мұны барлығымыз бір-бірімізге тілейміз. Сондықтан бұл банк бұған дейін жұмыс істеген құндылықтар мен ұмытылысты көрсетеді деп ойлаймын және әрі қарай да солай жұмыс істейді деп үміттенеміз», — деді Шарлапаев.

2022 жылдың 2 қыркүйегінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі «Сбербанктің» еншілес банкінен барлық акцияларын сатып алу бойынша мәмілені аяқтағаны белгілі болды.

Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалып, барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өткені айтылды.

«Банк клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады, қолданыстағы клиенттер үшін банк өнімдерінің барлық шарттары өзгеріссіз қалады.

«Бәйтерек» холдингі банктің елдің қаржы жүйесі үшін маңыздылығын жоғары бағалайды. «Сбербанк Қазақстан» қолжетімді заманауи инфрақұрылым мен технологиялар іс-шараларды толық жүзеге асыруға және ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға мүмкіндік береді», — деді холдинг өкілдері.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті