jasqazaq.kz

«Саясаткерлерге Жер шарын көктен көрсеткім келеді»

11 сәуiр 2016, 17:20

Айдын Айымбетов, ұшқыш-ғарышкер:

Халықаралық ғарыш күні қарсаңында Ақтөбеге ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов табан тіреді. Ол болашақ ұшқыштармен, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен, Алға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Бұл ғарышкердің Ақтөбеге алғаш келуі емес екен. Осыған дейін облыстық планетарийдің шақыртуымен бірнеше рет ат басын тіреген ол Ақтөбе қаласы туралы пікірін де білдірді.

— Ақтөбе — әдемі қала. Адамдары да жарқын. Мұнда планетарий басшысы Қорлан Бөлековтың шақыртуымен келіп жүрмін. Балалардың астрономияға құштарлығы қуантады. Біздің оқушылар халықаралық сайыстарда жүлделі орындар иеленіп жүр.

— Сіздіңше, инженерлік-техникалық білімге сұраныс бар ма?

— Біздің президентіміз айтып жүргендей, дәл осы инженерлік мамандықтарға басымдық беруіміз керек. Жер бетінде

????????????????????????????????????

банкир мен заңгер жеткілікті. Ғарыш саласына инженерлерді дайындау керек. Бұл экономиканың локомотиві іспетті. Көптеген сала дамиды. Ғарыш қызметінің әлеуеті зор.

— Қазір осы салада қандай жұмыс қолға алынып жатыр?

— Бүгінде жер шарының айналасында сан алуан ғылыми тәжірибе жүргізілуде. Алдағы 15-20 жылда айға сапар қайта жанданады. Ғаламшарлар арасында қатынас орнайды. Бүгінде «Қазғарыш» компаниясы кадр даярлауға үшкен күш салып жатыр. Жас мамандар Еуропа мен әлемдегі ғарыш державаларындағы жетекші оқу орындарында білім алуда. Астана қаласында ғарыш орталығы салынып жатыр. Онда жер серігін құрастыру-сынау кешені бой көтермек. Сол кезде отандастарымыз жер серігін жобалаудан бастап, сынақ аяқталғанға дейінгі үрдісті қызықтай алады.

Ғарышкер Айдын Әйімбетов саясаткерлерді аспанға әкеткісі келгенін де жасырмайды. Жер шарын көктен көрген олар басқаша ойлайтын болар еді – дейді ол.

— Ғарыш кеңістігінен жерді көргенде, шекараның бар-жоғы білінбейді. Келесі сапарымда ғарышқа саясаткерлерді ала кеткім келеді. Олар біздің ортақ үйіміз – жер шарын көзбен көріп, шешім қабылдарда әбден ойланатын деңгейге жетсін. Мемлекеттер арасында алауыздық болмайды. Дініміз сан түрлі болса да, ортақ үйіміз Жер — бәрімізге ортақ.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды