jasqazaq.kz

Саясат Нұрбек NIS оқушысының мектептен шығарылуы жайында: дұрыс шешім

29 мамыр 2025, 11:44

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев зияткерлік мектебі оқушысының мектептен шығарылуына байланысты даулы оқиғаға пікір білдірді. 

— Мәселе күрделі. Академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру қажет. Көшіру — өзіңе-өзің зиян тигізу, дипломдық жұмысты көшіру — өзіңе кесел. Бұл студент немесе мектеп оқушысының өзі алмаған білім. Қазір Назарбаев зияткерлік мектебінен оқушының шығарылуына қатысты даулы оқиға өрбіп жатыр және де бұл дұрыс шешім. Өйткені, мықты академиялық адалдықсыз сапалы білім қалыптастыру мүмкін емес. Барлық ең мықты білім жүйесі — канадалық, солтүстікамерикалық, жапондық жүйе академиялық адалдық қағидаты негізінде қалыптасқан. Егер плагиат қабылданбаса және антиплагиат мәдениеті өте қатаң түрде қалыптасса, онда сапа да болады. Сондықтан мұны дұрыс болды деп есептеймін. Мұндай кез келген жағдайда академиялық адалдық қағидатынан таймау қажет, — деді министр елордада өтіп жатқан Астана халықаралық форумы аясында.

 Фото: Kazinform

 

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам