Саян Келдібеков: Мемлекет пен азаматтардың құқығын қорғау — прокуратура органдарының басты мақсаты

03 қыркүйек, 15:31

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті  Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел» деп, «Заң мен тәртіп» қағидатының мүлтіксіз орындалуы қажет екенін ұдайы қаперге салады. Мемлекет басшысы биылғы 2 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет екенін тағы да айтып өтті. 

Осы орайда қоғам өмірінің барлық саласында заңның бұлжытпай сақталуын қадағалайтын прокуратура органдарының маңызы айрықша екенін айту керек. Прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің сенімді тірегі саналады. Прокуратураның басты миссиясы адам мен оның өмірін, құқығы мен бостандығын қорғау болып қала бермек. Түркістан облысы прокуратурасының жұмысы жайында білу үшін jasqazaq.kz облыс прокурорының орынбасары  Саян Келдібековке біраз сауал жолдады.

— Прокуратура жұмысының ең маңызды бағыттарының бірі — аазаматтардың өтініштерін қарап, соған орай тиісті шараларды жүзеге асыру. Облыстық прокуратураның бұл бағыттағы жұмысы қалай? Тұрғындардан түсетін арыз-шағым көп пе?

— Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде облыс прокуратурасына 7 969 жолданым түсіп, оның 5 972 жолданым қаралып заң аясында жолданым иелеріне тиісті жауаптар жолданған.

Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың негізгі арнасы екенін ескере отырып, бұл бағыттағы жұмыстар ерекше назарда.

— Соңғы кезде бүкіл елде бизнес пен инвестор құқығын қорғау және оларға қолдау көрсетуге ерекше мән берілуде. Түркістан облысындағы кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығы қалай қорғалып жатыр?

— Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағыты облыс прокуратурасының басты бағыттарының бірі, дегенмен инвестициялар саласындағы жұмыс жаңа бағыт болып саналады.

Ағымдағы жылдан бастап, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен  «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасы, яғни мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты барлық тыйым-салу шаралары прокурорлармен келісу арқылы жүзеге асырылуда.

Аталған бағытта қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде, 22 млрд теңгелік жобаны жүргізіп жатқан 10 инвестордың және 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды.

— Биыл өңірде коммуналдық қызметтердің заңсыз көтерілуіне де облыс прокуратурасы шара қолданды емес пе?   Осы жайында толығырақ айтып өтсеңіз.

— Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде табиғи монополияларды реттеу саласында жүргізілген прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде, 37 717 азаматтың құқықтары қорғалды.

Мысалы, Түркістан қаласының 13 мыңнан астам абонентінен «ҚазТрансГаз» АҚ-мен негізсіз өндіріп алынған 125 миллион теңге қаражат облыс прокуратурасының араласуынан кейін қайтарылды.

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында көптеген заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыруды анықтады. Оның нәтижесі қандай?

— Білім беру ұйымдарының тексеру нәтижесімен, балалардың қауіпсіздігі, білім және тамақтандыру сапасына әсер ететін жүйелі, түрлі деңгейдегі заң бұзушылықтар анықталды. Олар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Сонымен қатар, Жетісай ауданы білім бөлімінің есепшілерімен 4,1 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

— Облыс прокуратурасы халықты жұмыспен қамту саласында да бұзушылықтарды анықтағанын білеміз. Алдағы уақытта мұндай келеңсіздікке жол бермеу бағытында қандай шаралар қабылданды?

— Облыс прокуратурасының халықты жұмыспен қамту саласында жүргізген тексерулерінің нәтижесімен, мемлекет қаржысын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі екі тергеп-тексеру тіркеліп, қазіргі уақытта өндірісте.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды орындау, мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатын игеру, қызметкерлер еңбек құқықтарын бұзылу жол берілген.

Осыған орай, прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесімен, заңдылықты бұзушылықтар жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

— Бүгінде бопсалау үйреншікті құбылысқа айналып бара жатқандай. Өзін «блогермін» дейтін кейбір арам ниеттілер көбіне шенеуніктер мен қалталы бизнес өкілдерін үркітіп, ақша тапқысы келеді. Бұған қарсы қандай да бір күрес жүргізіле ме, әлде өткендегідей ұсталғанша жүре бере ме?

Қоғамда сіз айтқан санаттағы азаматтардың «қорқытып алу» алу фактілері бойынша қылмыстық қудалау орбитасына күдікті ретінде танылу оқиғалары жиі орын алуда.

Бұл бағытта прокуратура органдарымен мемлекеттік мекеме және мүмкін субъектілерімен түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

— Прокуратураның бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы бар ма, яғни сіздер атқарған жұмыстардың жариялылығы қалай?

— Облыс прокуратурасының қадағалау жұмысындағы оңды нәтижелері, Бас прокуратураның «Telegram» әлеуметтік желісіндегі ресми арнасына тұрақты түрде жарияланатынын хабарлаймын.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасының қадағалау жұмысы туралы толығырақ мәліметті, ресми сайты арқылы танысуға кеңес береміз.

Қазір қай салада болмасын, кадр тапшылығы байқалады. Сіздерде кадр мәселесі қалай шешілуде? Прокуратура органдарына қызметке тұруға ниеттенген мамандардың даярлық деңгейі заман талабына сай келе ме?

— Прокуратура органдарына жас мамандар «Құқық қорғау академиясы» арқылы қызметке тағайындалады. Қызметке тағайындалу алдында тиісті даярлықтан өткізіледі.

Сонымен бірге, прокуратура қызметкерлеріне тұрақты түрде, тәжрибелі прокурорлармен қоғамды алаңдататын өзекті қарым-қатынастарды реттейтін нормативті-құқықтық актілердің қолдану ерекшелігі және енгізілген өзгерістер бойынша дәрістер ұйымдастырылуда.

— Облыстық прокуратураның алдағы мақсат-міндеттеріне тоқтала кетсеңіз. 

— Прокуратура заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Сәйкесінше, мемлекет пен азаматтардың құқығын кез-келген құқықтық салада қорғау прокуратура органдарының басты мақсаты болып табылады.

Дайындаған Әлима Әлмерек

 

 

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?