jasqazaq.kz

Сауран ауданында мүгедектігі бар азаматтарға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

10 маусым 2025, 14:39

Түркістан облысында осыдан төрт жыл бұрын жаңадан Сауран ауданы құрылды. Қазіргі таңда аудан құрамында 12 ауылдық округ пен 34 елді мекен бар. Бүгінге дейін әлеуметтік қолдау саласында қандай нақты істер атқарылғаны туралы Jas Qazaq тілшісі ауданның мәслихат төрағасынан сұрап білді.

Сержан Байсбаевтың айтуынша, 2021 жылдан бері мәслихат тарапынан «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары» бекітіліп, үш рет нақтылау жұмыстары жүргізілген.

– Әлеуметтік әлсіз топтарды, соның ішінде мүгедектігі бар азаматтарды қолдау – мәслихат қызметінің басым бағыттарының бірі. Жыл сайын бюджет жоспарланған кезде осы салаға ерекше назар аударылады, – дейді Сержан Ермекбайұлы.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту шараларына республикалық және облыстық бюджеттерден 327 595,0 мың теңге қаржы бөлінген.

Жыл басынан бері 1746 өтініш қабылданып, олардың 977-сі бойынша нақты көмек көрсетілген. Атап айтқанда:

Протез-ортопедиялық құралдар бойынша – 164 өтініш түсіп, 75 орындалған;
Сурдотехникалық құралдар – 37 өтініштің 23-і қамтамасыз етілген;
Тифлотехникалық құралдар – 72 өтініштің 54-і орындалған;
Кресло-арбалар – 63 өтініштің 47-сі берілген;
Санаторий-курорттық ем – 682 өтініштің 187-сі қамтамасыз етілген;
Ымдау тілі маманының қызметтері – 21 өтініштің 20-сы іске асырылып жатыр;
Міндетті-гигиеналық құралдар – 707 өтініштің 571-і орындалған.

Сержан Байсбаевтың айтуынша, бұл саладағы жүйелі қолдауды жалғастыру мақсатында «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» құрылып, оның ішінде «Тең қоғам» бөлімшесі жұмысын бастаған.

– «Тең қоғам» бөлімшесі мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балаларға жеке тәсілмен қызмет көрсетуге бағытталған. Біздің мақсат – оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, еңбекке араластыру және экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, – деді мәслихат төрағасы.

Аталған бөлімше 7 бағытта қызмет көрсетеді. Оның ішінде:
Әлеуметтік-медициналық – 136 қызмет;
Әлеуметтік-психологиялық – 32 қызмет;
Әлеуметтік-құқықтық – 5 қызмет;
Әлеуметтік-экономикалық – 3 қызмет;
Әлеуметтік-еңбек – 58 қызмет;
Әлеуметтік-педагогикалық – 73 қызмет;
Әлеуметтік-демалыс – 127 қызмет.

– Бұл – тек бастамасы. Біз әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мен оның аясын кеңейту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз, – деді Сержан Ермекбайұлы.

Олжас Әбдіхалық

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды