jasqazaq.kz

Саунадағы атышулы видеода кімдердің түсірілгені анықталды

23 қараша 2017, 10:27

Таяуда әлеуметтік желілерде саунада түсірілген видео жарияланып, арты шуға ұласқан. Енді видеоның кейіпкерлерінің бірі кешірім сұрап, видео жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

«Армысыздар, мен Қазақстан Республикасының азаматымын. Менің аты-жөнім — Магомедов Эрик Магомедович. Ақтауда тұрамын. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде мен және менің таныстарым моншада жүрген видео таралып жатыр. Достарымның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында қызмет етпейтінін айтқым келеді. Видеода танысым маған жеке компанияның жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметкердің куәлігін табыстаған, бұл компанияның құқық қорғау органдарына еш қатысы жоқ. Бұл видео менің келісімімсіз жарияланды және жеке мүлік», — деп мәлімдеді ер адам.

«Осы видеоны жаза отырып, қоғамға, туыстарыма моншадағы оқиғаның сөзден жаңылысқан жағдай болғанын түсіндіргім келеді. Осы әрекетіммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының абыройына нұқсан келтірген болсам, кешірім сұраймын», — деді ол.

Еске салайық, мұның алдында әлеуметтік желілерде ер адамдардың саунада отырып, өздерін «жемқорлықпен күресуші» деп атағаны түсірілген видео тараған еді. Олардың біріне қызыл куәлік табыс етіледі.

«Бауырлар, саламалейкум. Бүгін Ақтау қалалық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке жаңа қызметкерді қабылдап жатырмыз. Ерік, біздің қатарға қосылып жатырсың. Енді жемқорлықпен күресеміз. Бүгін біз Ақтауда оның келіп жатқанын атап өтеміз. Алғашқы парамен құттықтаймыз», — дейді жартылай жалаңаш ер адам видеода. Осыдан кейін ол айғайлап күліп, екіншісіне қызыл куәлік тапсырады.

Ал кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері атышулы видеожазбаға қатысты пікір білдірген болатын.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті