
Қазақстан, Ресей және OPEC+ елдері сәуір айында мұнай өндірісі көлемін арттыру жөнінде уағдаласты.
OPEC (Мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы) офисі хабарлағандай, 8 мемлекеттің өкілдері кеше бейнебайланыс арқылы өткізілген кездесуде «қара алтын» өндірісі көлемін тәулігіне 206 мың баррельге көбейту жөнінде келісті.

Кездесуде мұндай шара квотадан артық өндірілген қара май үшін өтемақы алуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Сауд Арабиясы, Ресей, Ирақ, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман Сұлтандығы нарықтағы ахуалды ескере отырып, күнделікті өндіріс көлемін 1,65 млгн баррельге дейін азайту жөніндегі қабылданған шешімнен біртіндеп бас тартуды көздеп отыр.
JQ-Aqparat