jasqazaq.kz

Сауд Арабиясындағы құнды жәдігер Қазақстанға жеткізілді

03 қараша 2017, 12:11

Қазақстанның тарихы тың деректермен толыға түсті. Кеше Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорына өте бағалы жәдігерлер табысталды.

Сауд Арабиясы корольдігі Ислам істері министрінің кеңесшісі 7-9 ғасырлардан бастап 20 ғасыр аралығында өмір сүрген ғалымдардың қолжазба көшірмелерін әкелді.

Жинақ 1 миллион 400 мың парақшадан тұрады. Оның ішінде қазақ жерінен шыққан ғұламалар туралы да ақпарат көп. «Жәдігер толық зерттелген соң тарихтың бүгінге дейін беймәлім болып келген тұстары анықталуы мүмкін», — дейді ғалымдар.

«Бүгінге дейін бұл зерттелмеген. Бізді қызықтырғаны — Түркістаннан шыққан бірнеше ғұламалардың, Қожа Ахмет Яссауидің қолжазбалары. Әрине, біз мұнымен ғана тоқтап қалмаймыз. Бүкіл Қазақстанның тарихшылары, әдебиет, мәдениетшілері, тілшілері бар, бұларды қызықтырмай қоймайды деп ойлаймын. Неге десеңіз, ақиқат, шындық әркезде қолжазба, түпнұсқалардан шығады», – дейді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының орынбасары Әміреқұл Әбуов.

muslim.kz

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы