Сауд Арабиясында 35 жылдық үзілістен кейін кинотеатрлар қайта ашылатын болды. Кезінде олар қатал діни ережелерге байланысты жабылған еді. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Енді алғашқылары келер жылдың наурызында жұмысын бастайды. Биліктің пайымдауынша, 2030-шы жылға дейін тұрғындарға 300-ден астам кинотеатр қызмет көрсетуі тиіс. Олар жергілікті экономикаға 24 миллиард доллар пайда әкеледі деген болжам бар. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл мұрагер ханзада Мұхаммед бин Салман әл Саудтың әлеуметтік реформалары аясында қабылданған шараларының бірі. Бұған дейін ол әйелдерге көлік айдауға келісімін берген болатын. Сондай-ақ Корольдікте ойын-сауық шараларын өткізуге де рұқсат етілді. Бұл шаралар мұнай бағасы арзандаған заманда ақшаның ел игілігіне жұмсалуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.