jasqazaq.kz

Сауд Арабиясы вахабизмнен бас тартпақ

26 қазан 2017, 10:37

Бұл туралы Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Эр-Риядта өткен экономикалық конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі hurriyet.com.tr басылымына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы қысқа мерзім ішінде көтерген бастамалары арқылы көптің назарына ілікті. Мұхаммед бен Салман елінің қалыпты исламға бет бұратынын, осылайша экстремизмді жоятынын мәлімдеді.

Салманның бұл сөздері Сауд Арабиясында «революциялық сипаттағы» мәлімдеме ретінде қабылданды.

Мұрагер ханзада Сауд Арабиясы «аз уақыт ішінде» экстремизмді жоятынын білдірді.

«Бұрынғы қалпымызға қайта ораламыз. Барлық дінге және әлемге ашық қалыпты ислам мемлекетіне айналамыз», — деді ол панельдік пікірталаста.

Айта кетсек, бүгінде көптеген ел Сауд Арабиясын экстремистік террористік ұйымдарға қаржылай қолдау көрсетеді деп айыптайды.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс