jasqazaq.kz

Сәтпаевта ағасын қорғамақ болған қыз полициейлерге тап беріп, ұрып тастады (видео)

10 желтоқсан 2017, 14:58

Сәтпаев тұрғындары жас қыз бен полиция қызметкерлерінің арасындағы жанжалды видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz.

Тұтқындалған азамат, оның қарындасы мен полиция қызметкерлерінің арасындағы жанжал Сәтпаев қаласы Комаров көшесінің бойында орын алған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ішімдіктен ұрттап алған екі жас жігіт жергілікті дүкендердің бірінің терезесін шаққан.

Дүкен сатушысы бірден полиция қызметкерлерін шақырыпты. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер тәртіп бұзушыларды құрықтамақ болған.

Алайда жас жігіттер бірден беріле қоймаған. Олар қарсылық танытып, жігіттердің бірі полиция қызметкерін ұрып жіберіпті.

Орын алған оқиғаға тұтқындалған азаматтардың бірінің анасы мен қарындасы куә болды. Олар жақынына көмектескісі келіп, полицейлерге қарай жүгірген. Осы кезде қарындасы полиция қызметкерлеріне тап беріп, төбелесе жөнелген.

«Тұтқындалған азаматтар жеңіл және орташа деңгейде мас болған. Олар полицейлерге қарсылық көрсетіп, қызметкерлердің бірін ұрып жіберген. Осылайша полиция қызметкерлеріне бағынбаған.

Тұтқындалғандардың бірі 22жаста, екіншісі болса 23 жаста.олардың бірі бұған дейін билік өкілдеріне қарсылық танытқаны үшін, 1 жыл шартты мерзім жазасына тартылған.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 380-бабы 1-бөліміне (Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта тұтқындалғандарға қатысты қолданылатын бұлтартпау шаралары қарастырылуда», – деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 

Сотрудники правоохранительных органов не уважают женщин 📍Сатпаев — 📹 от подписчика — Если вы стали свидетелем интересного инцидента, то обязательно пришли его на @skandal_krg Подпишись на @skandal_krg ___ #караганда #karaganda #алматы #астана #тараз #шымкент #талдыкорган #актау #атырау #орал #актобе #темиртау #семей #оскемен #павлодар #сатпаев #экибастуз #петропавл #костанай #казахстан #казах #кызылорда #жезказган #балхаш #kazakhstan #политех #ggg

Публикация от 😡Караганда😡 (@skandal_krg)

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң