jasqazaq.kz

Сарысу өзенінде 1 тоннаға жуық балық қырылған

31 қазан 2017, 23:24

Мамандар келген шығын 1 жарым миллион теңгеге жуықтайды деп отыр. Олар қазір су мен балықты сараптамаға жіберіп қортындысын күтіп отыр екен. Алайда олар өзенге алтын өндіретін зауыт қалдықтары түсті дегенді бірден жоққа шығарды. Ал жергілікті жұрт балық қырылған маңайда сондай кәсіпорын барын айтқан болатын.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бірақ мамандар су қоймасы мен өзен маңында бірде-бір өндіріс орны жоқ дейді. Ал судың құрамында күкірт қышқылы нормадан аспаған, оттегі мөлшері де жақсы деп отыр. Бірақ мөңке, сазан, шортан , торта балықтарының өлекселері Түймемойнақ су қоймасынан бастап өзеннің 15 шақырым жеріне дейін табылды. Мамандар қазір жаппай қырылу тоқтады деп сендіреді. Ал бұл жайдың нақты себебі 20 күннен соң дайын болатын сараптама көрсетеді екен. Қазір полиция дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Жандарбек Еспанов, Республикалық ветеринарлық зертхананың Қарағанды филиалының директоры:

-Инфекциялық немесе инвазиялық аурулар немесе қатты уытты токсиндермен улану жөніндегі белгілер анықталған жоқ. Патологиялық өзгерістер ешқандай анықталған жоқ. Қазір жасалып жатқан микробиологиялық және токсикологиялық зерттеулер.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы