jasqazaq.kz

Сәрсенбай Еңсегенов: Мемлекеттік тілде баяндама жасамаған басшыларды сынады

10 қараша 2017, 16:57

ҚР Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық және кәсіпкерлік комитетінің отырысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов мемлекеттік тілде баяндама жасамаған басшыларды сынға алды, – деп хабарлады Baq.kz.

Бүгін аталған комитетте «ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеке қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында Қазақстан экономикасына инвестициялар тартудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оған инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді, «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы Нұрлан Рахметов, «KazakhInvest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мейіржан Мәйкенов қатысты. Алайда басшылардың басым бөлігі өз баяндамаларын ресми тілде оқыды.

Осы орайда сенатор Сәрсенбай Еңсегенов қазақ тілінде баяндама жасамаған басшыларды сынға алды.

«Шынын айтқанда, депутаттардың сұрағы көп. Сондықтан сіздер бізбен бірігіп, жұмыс жасауға ықыласты болады деген ниеттеміз. Біздің мемлекет – тәуелсіз. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласын білесіздер. Мен бүгін бақылап отырдым. Осында маңызды мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған, мемлекеттік органдардың басшылары ретінде біреуіңіз мемлекеттік тілде баяндама жасамайсыздар. Сіздер кімдерді таныстырасыздар? Сіздер тәуелсіз қазақ елін таныстырасыздар. Тәуелсіз қазақ елінің экономикалық әлеуетін көтеру мақсатында жұмыс істеп жүрсіздер», — деді ол.

Кейін депутат мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшыларының сенатқа әкелінген құжаттарындағы ақпарат маңызды екенін, бірақ ондағы ақпараттардың қазақ тілінде жазылу қажеттігін атап өтті.

«Мына берілген құжаттарыңызда өте маңызды ақпараттар бар. Мен орыс және ағылшын тіліне қарсы емеспін. Бірақ (құжаттар – автор) мемлекеттік тілде болу керек. Осы құжаттарды қазақ тілінде берсеңіздер деген ұсыныс бар. Осыны ескерсеңіздер деген тілегіміз бар», — деп түйіндеді сөзін Сәрсенбай Еңсегенов.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы