Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова қоғамдағы адами қарым-қатынасқа қатысты ойымен бөлісті. Адамдардың бір-бірін есеппен сыйлайтынын сөз етіпті ақын.
«Кейбір адамдар болады энергиясы сондай жағымды,сондай жылы,одан керемет әсер алатындығың сонша аузына қарап тыңдап отыра бергің келеді. Кейбір адамдардың энергиясының ауырлығы сонша еңсеңді түсіріп,ойыңнан адасардай күй кешіп кетесің
Көбіне бір-бірін есеппен сыйлайтын қоғамдағы екіжүзді жандарды көргенде, шынымен бір-бірін еш риясыз ,есепсіз құрметтейтін жандар бар ма екен осы деп ойланып кетем кейде.
«Адам досының иманында»-дейді ғой.Айналамызда адал жандар көп болсын,зұлым жандар жоқ болсын. Бір-бірімізді құрметтеп,қадірлеп жүруден жалықпайық»-дейді ақын.