jasqazaq.kz

Samsung Galaxy S9 және S9+ смартфондары қандай болады? (видео)

25 ақпан 2018, 14:52

 

Samsung компаниясының жаңа смартфондары Galaxy S9 және S9+ түсірілген видео ресми тұсаукесерден бұрын Желіге салынды, деп хабарлады Lenta.ru. Ролик YouTube желісіндегі Slashleaks каналында пайда болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Samsung Galaxy S9 және S9+ суретінің Желіде пайда болғаны хабарланған еді. 5,8-дюймдік S9 бен 6,2-дюймдік S9+ бұрын шыққан смартфондардан аса қатты ерекшеленбейді. Бірінші модельдің жедел жады — 4 гигабайт және кіріктірілген жады 64 гигабайт болса, екінші модельде 6 және 128 гигабайт болады. Galaxy S9 және S9+ смартфондарының негізгі ерекшеліктері сурет пен видеоны өңдеуге арналған бағдарламаның және құрылғының жаңартылуы болады. 12-мегапиксельді камера super slow-motion («баяулатылған түсірілім») әсерін қолдануға мүмкіндік береді, яғни секундына 480 кадр жасауға болады. Алдыңғы камераның ажыратымдылығы — 8 мегапиксель. Сонымен қатар, екі смартфонда да түрді айыра білу жүйесі жақсартылған, ал саусақ іздерінің сканері камераның жанында емес, төменгі жағында орналасқан. Айта кетейік, жаңа смартфонның ресми релизі 25 ақпанға белгіленді. Ал сатылымға 16 наурыздан бастап шығады деген болжам бар.

tengrinews.kz

01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр