jasqazaq.kz

Салық берешегі 20 АЕК-тен аспаса, есепшоты бұғатталмайды

10 ақпан, 14:53

Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын әлеуметтік желідегі тікелей эфирде салық берешегін өндіру тәртібі туралы түсінік берд36 ltg [f,fhkfqls jasqazaq.kz.

Оның айтуынша, 20 айлық есептік көрсеткішке (1 АЕК – 4325 теңге) дейінгі берешегі бар кәсіпкерге хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі. Жұмысына кедергі келтірмеу үшін есепшоты бұғатталмайды.

20–45 АЕК аралығындағы берешегі бар кәсіпкерлердің банктік шоттары мен касса операциялары уақытша тоқтатылуы мүмкін. Ал 45 АЕК-тен жоғары берешегі бар кәсіпкерлерге барлық ықпал ету шаралары қолданылады. Оларға борышкердің өзіне қарыз болып тұрған адамдар мен компаниялардан қаражат өндіру, мүлікті тексеріп сату, бағалы қағаздарды тәркілеу, қажет болса, сот арқылы банкрот деп тану кіреді.

Қайсар Арын: «Сонымен қатар алғаш рет 1 500 АЕК-ке дейінгі берешегі бар кәсіпкерлерге, сондай-ақ горизонтальды мониторингке қатысушыларға 12 айға дейін кепілсіз бөліп төлеу мүмкіндігі берілді. Енді бөліп төлеу үшін мүлікті бағалау немесе сақтандыру талаптарын орындаудың қажеті жоқ, ал төлеу мерзімі бұрынғыдан қысқарды», — деді.

JQ-Aqparat

Фото: freepik.com

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес