jasqazaq.kz

Салық төлемейтін әншілер

19 мамыр 2016, 21:00

1

Миллиондап ақша тауып, бірақ мемлекет қазынасына бір тиын да салық төлемеген әншілер қатарында Жанар Дұғалова, Дильназ Ахмадиева, Бүркіт және Әли Оқаповтар бар. Бұл туралы Informburo.kz порталы мәлімдеді.

«Forbes.kz порталдың мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылы әнші Бүркіт 1 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда тапқан (шамамен 180 миллион теңге). Алайда, ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Яғни, тапқан табысынан салық төлемеген» дейді Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары.

Департамент мәліметінше, дәл осыған ұқсас жағдай Асхат Тарғыновта (жылдық табысы 172,8 млн теңге), Әлішер Кәрімовте (135 миллион теңге), Дильназ Ахмадиевада (108 миллион теңге), Бақтияр Мамедовте (Jah Khalib, 90 млн теңге), Әли Оқаповта (54 млн теңге), Серік Ибрагимде (54 млн теңге) және Жанар Дұғаловада (45 млн теңге) орын алып отыр.

 

«Яғни, аталған әншілер кәсіп етіп, ақша тапса да мемлекетке салық төлемеген» дейді Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары. Олардың айтуынша, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген әншілер де бар екен. Алайда, олар пайдасын мүлдем көрсетпей, салық ретінде мемлекет қазынасына бір тиын да құймаған. «Мәселен Луина мен Мақпал Исабекованы айтуға болады» дейді департамент өкілдері.

Енді шенеуніктер салықтан жалтарып жүрген әншілердің соңына шам алып түсуді жоспарлап отыр. Олар шоу-бизнесте нанын тауып жеп жүргендердің тізімін әзірлеп, біртіндеп тексеріп шықпақ.

sn.kz

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету