Салтанат Қалиева мен Майя Бекбаева нені бөлісе алмады?

13 қараша 2016, 17:53

Танымал қазақстандық тележүргізушілер Салтанат Қалиева мен Майя Бекбаева арасында дау туды. Оған себеп көрермендердің екі тележүргізуші тізгінін ұстаған бағдарламаларды өзара салыстыруы, деп хабарлайды Stan.kz.rfкалиева бекбаева

Жуырда ғана көрерменге жол тартқан «Ұят емес» бағдарламасы туралы сұрақтар толастамаса керек-ті, оның тележүргізушісі Салтанат Қалиева көрермендерге өз жауабын беруді ұйғарды. Өз сөзінде ол кезінде Майя Бекбаеваға тележүргізушіліктің қыр-сырын үйреткенін, алайда оның жақсылықты түсінбегенін мәлімдеді. Сол себепті екеуін салыстырудың өзі ағаттық деп санайды ол.

«Ұят емес» бағдарламасы туралы әртүрлі пікір білдіріп жатырсыздар. Рахмет. Бұл жобадан ұзақ уақыт бойы бас тартып келдім. Біріншіден, бұл компанияның басшысы – менің күйеуім, ал мен жеке өмір мен қызметті араластырғанға қарсымын, екіншіден, журналистикадан қол үздім. Бірақ, анам айтқандай: «3 рет сұраса, жоқ деме. Ол қатігездік». Сол себепті аталмыш бағдарламаны жүргізуге келістім. Журналистикадағы өткеніме келер болсам: осыған ұқсас жобаны бұрын да жүргізгенмін. Ұлттық арнадағы «Жеке кеңістік» бағдарламасы. Ол жобаны қатты жақсы көрдім, алайда күйеуім 31 арнадағы жұмысын таңдаған кезде мен одан бас тартып, отбасымды таңдадым. Алматыға көшіп келіп, өз жобамды мая бекбаеваға (авт. тележүргізушінің өзі Бекбаеваның аты-жөнін кішкентай әріппен жазған) бердім. Басшылыққа кіріп, тікелей осы қызды өз орныма ұсындым. Бар білгенімді үйреттім, ол шақта ол әлі пісіп-жетілмеген болатын. Сонда да мен оған сендім. Барымды салдым. Сондықтан екеумізді салыстырмаңыздар. Рахмет. Ал кейбір адамдар алғыс айтудың не екенін де білмейді. Араға бірталай жыл салып мен қайта оралдым. Маған ұнады. Бәлкім өзім де сағынған шығармын, әзірге білмеймін», – деп жазды Қалиева өзінің желідегі парақшасында

Screenshot_2

Фото: скриншот instagram.com/mbekbaeva

Мұны көрген Майя Бекбаева үнсіз қалмады. «Жақсылықты түсінбейді» деп айып таққан Қалиеваға лайықты түрде жауап берді. Аяққа нық тыруына көмектескен жандарға алғыс айтып, Салтанаттың өзіне шабуыл жасады. Айтуынша, Қалиева бұған дейін де онымен дауласуға талпыныс жасаған.

«Әріптесім-тележүргізуші Салтанат Қалиева өзін менің ұстазым деп жариялап, мені алғыс айтуды білмейтін жан ретінде атапты. Әрине, «рахмет» айтып, жақсылықты түсіну маңызды. Дәл осы себептен менің әдебиетке деген махаббатымды оятқан ұстазым – атама алғыс айтамын. Ұстазым, «Пульс времени» газетінің редакторы Зоя Булановаға ризашылығым шексіз. Ол маған мақала жазуды үйретті. ҚазҰУ-дың 1-курсында оқып жүргенімде-ақ орнымның ТВ-да екенін түсінуге көмектескен Барманқұловқа рахмет айтамын. Сахна тілін үйреткен ұстаздарыма, режиссерлер мен рекдакторларға алғысым зор. Мамандығымның майталмандарының біразымен бірге жұмыс істеу бақыты бұйырды, олардың бәрін атап өту мүмкін емес», – деп бастады тележүргізуші өз сөзін. Жаратқанға алғыс айтқан Бекбаева одан кейінгі кезекті Қалиеваға алып келді.

«Мені үнемі есіне алып жүретін Салтанатқа да рахмет. Алайда менің аты-жөнімді кішкентай әріппен жазу арқылы мені төмендетемін деп ойлайды ма? Керісінше! Көре алмаушылық – өз ісіңді одан әрмен күштілеп жасауға итермелейді. Рахмет, Салтанат! Саған не тілейін? Тек қана табыс, үнемі күйеуіңнің арқасында емес өз күшіңмен табысқа жетуіңді тілеймін. Менің тарихи тұлғалар туралы жобам сияқты өзіндік, жеке жобаңды дүниеге әкелуіңе тілектеспін. Сол кезде сені ешкім де өзгелермен салыстырмайды. Егер білмесең, сұхбат жанры бізге дейін, тіпті, біздің ата-аналарымызға дейін ойлап табылған. Оның несін бөлісе алмаймыз? Түсінбеймін. Ал «Жеке кеңістікті» сенен кейін мен емес, М.Алмолдина жүргізген. Сондықтан маған «мирастыққа» қалдырып кеттім деп артық кеттің. Табыс тілеймін, әріптес. Жылдар өтіп жатыр, ал сен еш тынышталар емессің. Менімен теке-тіреске шығуың бірінші рет емес. Парасатты әрі мейірімді болатын кезің жеткен сыңайлы, Салта.. Ұят болады», – деді танымал тележүргізуші.

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде