jasqazaq.kz

Сәкен Майғазиев: “Құдайға да жақсы адам керек” деген сөзді айтпаңыздар

20 желтоқсан 2017, 17:47

Құдайға да жақсы адам керек! Өмірден ерте озған адам туралы қазақ әдетте осылай айтады. Алайда бұл пікірге Сәкен Майғазиев түбегейлі қарсы. Айтуынша, жақсы адамды қажет етсе, Алланың өзі-ақ жаратып алады. Бұл ретте әнші қате пікірдің кесірінен көп жасағандардың қаһарына ұшыраудан сақтандырды, деп жазады Stan.kz.

“Кейде сөйлейтін сөзіміздің мағынасына мән бермей, байыбына бармай жатып жаза (айта) салатынымыз бар (өзімде де). Фәниден бақиға бір кісі көшсе, “Құдайға да жақсы адам керек” дей саламыз. Бұл бейпіл сөзді сөздік қорымыздан (лексиконымыздан) алып тастауға, тіпті ұмытуға үндеймін.

Біріншіден, АЛЛА тағала адамға (жақсы адамға) мұқтаж емес. АЛЛА – Әс-Самад! Өйткені бүкіл тіршілік иесін (мақлұқатты) АЛЛА өзі жаратты. Яғни біз қателесіп айтып жүргендей жақсы адам керек болса өзі-ақ жаратып алуына құдіреті жетуші – Әл-Халиқ.

Екіншіден, күлкілі болса да айтайын, 90, 100-ге келген кісілер жаман болғандығынан жүр ме, сонда? Сондықтан, АЛЛАның ашуын келтіретін сөздерден абай болып, көп жасағандардан айқай естіп жүрмейік, жақсылар”, – деп ашынды Сәкен.

Бүгін, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім