jasqazaq.kz

«Сайрам нан» ұжымында жаңа Конституция түсіндірілді

Бүгін, 21:36

Шымкент қаласындағы «Сайрам нан» ЖШС-де Қазақстанның жаңа Конституциясына арналған түсіндіру кездесуі өтті. Тәтті және нан өнімдерін өндіретін кәсіпорында бүгінде 200-ге жуық адам еңбек етеді. Зауыт екі ауысымда жұмыс істейді және өнімдерін ішкі нарықпен қатар ТМД елдері мен Қытайға экспорттайды.
Кездесуде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті доценті Ермек Бекбосынов жаңа Конституцияның мазмұны мен негізгі бағыттарын түсіндірді. Спикер конституциялық реформалардың қоғам өміріне, соның ішінде еңбек адамдарының құқықтарына ықпалына кеңінен тоқталды.
Әсіресе еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Өндірістік кәсіпорын үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету – басты талаптардың бірі. Конституциялық деңгейде әр азаматтың қауіпсіз еңбек ету құқығының бекітілуі жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтіп, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы жауапкершілікті нақтылай түсетіні айтылды.
Жиын барысында азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған халықаралық стандарттарға сай тетіктер де сөз болды. Атап айтқанда, тұлға ұсталған немесе құқықтық шектеуге ұшыраған жағдайда оның құқықтары түсіндіріліп, қорғаушы шақыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс екені атап өтілді.
Сонымен қатар спикер Қазақстан Конституциясының қалыптасу тарихына тоқталып, тәуелсіздік жылдарындағы конституциялық даму кезеңдеріне шолу жасады. Негізгі заңның әр кезеңде қоғам сұранысына сай жетілдіріліп отырғаны, ал қазіргі реформалар елдің сапалы дамуына бағытталғаны айтылды.
Кездесу барысында зауыт қызметкерлері белсенділік танытып, өз сауалдарын қойды. Жиын өндірістегі тәртіп пен заң талаптарының маңызын мемлекет өміріндегі құқықтық айқындық пен әділеттілік қағидаттарымен ұштастыруға мүмкіндік берді.
«Сайрам нан» ұжымы үшін бұл шара құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. Өндірістегі сапа мен жауапкершілік секілді, қоғам өмірінде де заң мен тәртіп тұрақтылықтың негізі екені тағы бір мәрте атап өтілді. Жиын қорытындысы бойынша жұмысшылар жаңа Конституцияға қолдау білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады