jasqazaq.kz

Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасын бақылауды орынбасарына тапсырды

23 қазан 2017, 15:31

Бүгін үкімет отырысында «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу барысына қатысты мәселелр қаралған болатын. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірінші орынбасары Асқар Маминге бұл бағдарламаның орындалуын бақылауды тапсырды.

Үкімет басшысы өңірлердегі бұл бағдарламаның сұранысқа сай жүрілмей отырғандығын сынға алды. Сонымен қатар мектеп жетіспеушілі жайлы Парламент депутаттарының да мәселе көтеріп келе жатқандығын еске салып өтті.

«Алматы облысында 37 мыңға жуық адам кезекте тұрған болса, жылдық жоспар 82 пәтер ғана. Қарағанды облысында кезекте 35 мың адам тұрса, жылдың ішінде 387 пәтер ескерілген. Маңғыстау облысында кезекке 17 мың тіркелсе, жылдық жоспар — 1 132. Ал Ақтөбеде кезекте 26 мың адам тұрған болса, жылдық жоспар 2 600-ге тең», –деді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысы жұмысты дұрыс жүргізе алмаған өлкелерге 2018 жылы қаржыны қысқарту жайлы да ескертті. «Сонымен қатар биыл жұмыстарды тиісті деңгейде атқара алмаған бюджеттік бағдарлармалар әкімшілеріне 2018 жылы қаржыны қысқарту бойынша ұсыныс енгізіңіздер», – деп тапсырды Премьер-Министр.

Бейбіт Тоқтарбай

Астана

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс