Сағынбек Шүңкеев: Маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеміз

17 қыркүйек, 12:19

Елімізде қайырымдылықпен айналысуды кәсіби түрде қолға алып, жұмсалған қаржының есебін беріп, халық игілігі үшін жұмыс істеп жатқан қорлар көп. Jasqazaq.kz тілшісі игі іспен айналысуды мақсат еткен ұйымның бірі — Halyk қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шүңкеевпен әңгіме-дүкен құрды.

— Біз Halyk қайырымдылық қорының игі істеріне куә болып жүрміз. Бұл қор қашан құрылып еді? Мақсаты мен міндеті қандай?

— Halyk қайырымдылық қоры 2016 жылы құрылды. Қордың алға қойған мақсаты — еліміздегі әлеуметтік саланы дамытуға үлес қосу. Сондай-ақ денсаулық, білім, спорт саласын жан-жақты дамытуға да көңіл бөледі. Halyk қайырымдылық қоры еліміздегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешіп, халықтың өмірін жақсартуға күш салады. Қор өз қызметін бастаған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін 120-дан астам жобаны іске асырып, 85 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетті.

— Бүгінге дейін қор қандай жобаларды жүзеге асырды? Қай салаға басымдық бересіздер?

— Halyk қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы жобаларды жүзеге асырумен қатар, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Оған қоса, аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдап жүр. Қандай да бір қиын кезеңде бірінші болып көмек беретіндер қатарындамыз. Атап айтқанда, Арыста болған қайғылы оқиға, Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан кейін жәрдем беруге асықтық. Биыл көктемде Құлсарыдағы су тасқынына да көмек созып, қор 31,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл қаражат тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге және қайта салуға, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарды қолдауға жұмсалды. Коронавирус пандемиясы кезінде 11,2 млрд теңгеден астам сомаға қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырды.

Қор еліміздің аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан дарынды жастардың заман талабына сай сапалы білім алуына жағдай жасау үшін білім гранттарын бөледі. Осы мақсатта 300 млн теңге бөлінді. Былтырғы оқу жылында 12 студент Halyk қорының 100% грантымен оқып, оның алтауы халықаралық «Мирас» мектебінің IB дипломын алды және әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсті.

2023 жылдан бастап ауыл балалары арасындағы «Ауыл футбол» жобасының бас демеушісі. Жоба аясында 100 ауылда балалардың футбол командасы жаттығу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Halyk қоры өңірлердің әл-ауқатын арттыру, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында да талмай жұмыс істеп келеді. Мысалы, Маңғыстау облысын дамытуға 4 млрд қаржы бөлді. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту мақсатында Бейнеу ауданындағы астық терминалын қайта іске қосуға 1,8 млрд теңге, ауыз су мәселесін шешуге Жаңаөзен қаласы мен Ақшұқыр, Саин Шапағатов ауылдарының тұрғындарына су тұщытатын қондырғы орнатуға 350 миллион теңге бөлді.

Жақында қордың демеушілігімен баспанаға мұқтаж 400 астаналық отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл бастама Астана әкімдігі мен қор арасындағы меморандум асяында жүзеге асты. Пәтерлер үй кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі жандарға, дәрігерлер мен мұғалімдерге, полицейлерге бұйырды. Әрине, бұл игі істер, қор атқарған жұмыстардың аз ғана бөлігі. Қор денсаулық сақтау саласын дамытуға, білім саласына, балалар спорты мен инклюзивті ортаның дамуына, ана мен баланы қорғауға арналған ұйымдарға арналған әр түрлі жобалардың жүзеге асуына үлес қосып келеді.

— Елімізде қайырымдылық жасауға асығатын қорлардың көбейгені қуантады. Қайырымдылық қорларымен байланыстасыздар ма? Қордың алдағы жоспарымен бөліссеңіз?

— Әрине, еліміздегі жетекші қайырымдылық қорларымен байланыстамыз. Биылғы өткен халықаралық қайырымдылық күнінде еліміздегі ірі қайырымдылық қорларының өкілдерінің басын қосу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Осы саладағы түрлі мәселелерді талқыладық Барлығымыздың мақсатымыз бен мүддеміз ортақ. Біз әр адам өз әлеуетін іске асырып, қажетті қолдауға ие болып, керекті ресурстарға қол жеткізе алатын қоғам құру жолында жұмыс істейміз.

Сұхбаттасқан Мақпал Махаметқызы

19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 23:28
Жұлдыз Сүлейменова: Жайбасарлыққа жол беруге болмайды!
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс