jasqazaq.kz

Садақа ұрлайтын қаскүнем (видео)

08 сәуiр 2020, 15:33

Алматы облысында мешіттен садақа жәшіктерін ұрлаған қаскүнем ұсталды. Бұл күдіктінің мешіттегі алғашқы ұрлығы емес, бұған дейін де ол осыған ұқсас қылмысты Чапаев ауылында жасаған. Aзаматтың бөтеннің мүлкін ұрлаудың бұдан өзге бірнеше дерегіне қатыстылығы анықталды. Полицейлер оны бейнебақылау камераларының көмегімен әшкерелеген. Наурыз айының соңында Іле аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне Ынтымақ ауылы мешітінің имамы, жалпы құны жүз мың теңге болатын қайырымдылыққа арналған жәшіктегі ақшаның және молданың қызметтік үй-жайындағы ресивері бар монитордың ұрланғаны туралы арызданған.

https://youtu.be/DiWWSbVji5s

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жедел уәкілдер Алматы облысы Жамбыл ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ұсынылған дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында күдікті одан өзге тағы екі ұрлық дерегіне өзінің қатыстылығын айтып берді. Ол ақпан айында Чапаев ауылындағы мешіттегі елу мың теңге көлеміндегі ақша сомасы бар қайырымдылық жәшігін ұрласа, ал өткен жылдың шілдесінде Түймебаев ауылындағы жеке кәсіпкерлер бірінің қымбат велосипедін қолды қылған. Қазіргі таңда мешіт ұрысы қамаққа алынып, оның өзге де ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктінің 2013 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылғандығы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша жалғасып жатыр.

Polisia.kz

11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар