jasqazaq.kz

Сабақпен құрылыс қатар жүретін мектеп

13 қазан 2016, 22:06

shkola

Қарағандыда әлі де жаңа оқу жылына дайын болмай жатқан мектеп бар. Өңірдегі Сарытөбе ауылында жөндеуі аяқталмаған білім ұясында сабақпен қатар құрылыс та жүріп жатыр . Ал, жергілікті билік жөндеу жұмыстарын бір аптаның ішінде аяқтаймыз деген уәде ғана берді.

32 миллион теңгенің жұмысын мойнына алған мердігер компанияның екі құрылысшысынан өзге жұмысшы көрінбейді. Алпыс жылдың ішінде тозығы жеткен шатырын қалыпқа келтіргендерінен басқа қызу құрылыс та байқалмайды,-дейді ата-аналар. Жергілікті жұрттың ызасын тудырып отырғаны да осы. «Жоспарланған жұмыс созбаққа салынып, балалар қауіпті жерде білім алуға мәжбүр»,  -дейді.

snimokshkolppp

САРҚЫТ ҚАЛИҰЛЫ, Сарытөбе ауылының тұрғыны:

— Ылғи сөйтіп өтірік біттей тас-топырақ төге салады да, тындырып тастады деп шыға келеді.

Ашық-шашық жатқан электр жүйелері, толықтай жөнделмеген . Дәл осындай жағдайда қазір 100-ге жуық оқушы білім алуда. «Мектеп кіреберісінде үйіліп тұрған құрылыс материалдардан аяқ алып жүрудің өзі қиын». Ал жақында ғана жаңадан салынған пластикалық терезелер қирап үлгерген.

Кемшіліктердің барын мектеп басшысы да жақсы біліп отыр. Дегенмен мектеп директоры ашық жатқан тоқкөздері бала денсаулығына зиян келтірмейтініне сенімді екен.

НҰРТАЙ ӨМІРБЕКОВ, Мектеп директоры:

— 80 -90 пайыз мектебіміз дайын болғаннан кейін енді мұғалімдер, ата-аналардан түсіністік болды. Балалар шаршады қашан көшіресіздер. Сосын дайын болғаннан кейін енді кемшіліктер енді әрі қарай жалғастырады ғой. Уақытша оқи берейік деді, оған ешқандай балаларға зиян боп, мұғалімдерге зиян жоқ.

Құрылыс жұмыстарының дұрыс жүргізілмей жатқанын мердігер компания өкілдері де растап отыр. Бірақ кінәні өздерінен көрмейді. Айтуларынша, қаражаттың дер кезінде бөлінбеуі мен күннің сууы сияқты мәселелер қолбайлау болған.

ДАСТАН ИСАҒҰЛОВ, «ОЛЖА» ЖШС өкілі:

— Бізде мысалы сметада қалай, проектіде қалай солай аяқтадық жұмысты. Мына мектепті істеу оңай болған жоқ қой. Мынау мектепті.

Қазір екі ай бұрын басталған жұмыстардың 80 пайызы аяқталған. Құрылысшылар жөндеу жұмыстарын осы аптаның аяғына дейін аяқтаймыз деп отыр.

31.kz

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету