Рысбек Аташ: Балаларымның әнші болғанын қаламаймын

24 шiлде 2023, 13:04


Әнші Рысбек Аташ отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде отбасылық құпиясымен бөлісті.

«Әйелім Жезқазған өңірінің тумасы. Мамандығы экономист. Сол кісінің әжесінің үйінде шай ішіп отырғанда кездестік. Біздікі қызық, сол жерде 15 минут сөйлестік. Ол оқуға кетуі керек болды. Сол жерде бірден ұсыныс тастадым. Сенімім ақталып, «иә» деді. Онда осы күні алып қашамын дедім. Алматыға келдім де, алып қаштым. Болашақ жарымды «Әке-шешем разы болсын» деген ниетпен іздедім. Сезімге қатты бой берген жоқпын. Жалпы, біреуді қатты жақсы көрдім, ғашық болдым деп айта алмаймын. Әкемді — әке, анамды — ана деп, сол кісілердің көңілінен шықса деген ниетпен алдым ғой. Шүкір, уақыт өте келе жақсы көру де бар. Келіншегімде адам бойында болу керек қасиеттің бәрі де бар, Аллаға шүкір. Қатты болдым. Соның бәріне төзді. Адам өсе келе жұмсарады ғой. Мен жастай үйлендім. Ол кезде 21 жаста едім», — деді Рысбек Аташ. Сонымен қатар әнші балалары жайлы айтпауының себебін түсіндірді. «Балаларымның санын айтпай-ақ қояйын. Себебі, тіл-көз бар. Бұрын көп айтатынмын, қазір ашып айта беруді тоқтаттым. Жеке өмір — жеке күйінде қалғаны жақсы. Өнер адамы болғаннан кейін халық тек өнерімізді көрсе, өнерімізді білсе деген ниетім бар. Балаларымның әнші болғанын қаламайтын шығармын. Ұлдарымның — спортшы, қыздарымның — дәрігер болғанын қалаймын. Өздері таңдайды ғой. Олар өсе келе мың өзгереді», — деді Рысбек Аташ.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды