jasqazaq.kz

Руслан Күлікбаев тағылған айыпты мойындады

24 қазан 2016, 22:45

e5f43009-1816-46e4-a4f6-779034a8ccf9

Алматыдағы теракттің ұйымдастырушысы Руслан Күлікбев бірнеше бап бойынша тағылған айыпты мойындады. Сонымен қатар, айыпталушы заңсыз қару алып, ұстағаны және тасымалдағанын мойындады.

«Енді ҚР ҚК 99 бабы «кісі өлтіру», сонымен қатар өлтіруге әркет жасау бойынша тағылған айыпты мойындайсыз ба?» – деп сұрды прокурор.

Кулікбаев кісі өлтіруге әрекет жасау әрекетін былай деп түсіндірді: «Олар қозғалмай жатты, сондықтан мен оларды өлді деп ойлап қалдым да, одан әрі оларға оқ атпадым», — деді айыпталушы.

Сонымен бірге, Руслан Кулікбаев полицейлер мен өзге адамдарды өлтіргенін мойындады. Жезөкшені неге өлтіргенін ол Рамазан айында таксистерге оларды тасуға болмайтынын айтып, ескерту жасағанымен түсіндірді. Руслан Күлекбаевтың айтуынша, олар мұсылмандарға бөгет жасаған.

Алматыдағы теракт бойынша сот процесі қазанның 24 күні басталды.

Айыпталушы Руслан Күлекбаев құқыққорғау және арнайы органдардың сегіз қызметкері мен бейбіт үш адамның өліміне себеп болған теракт жасағаны және тағы үш адамды өлтіруге әрекеттенгені үшін айыпты.

Естеріңізге салайық, Руслан Күлікбаевтің өзіне ғана ҚР ҚК 255 бабы «террористік акт», 99 бабының 2 пункті «Екі және олан да көп адамды өлтіру», 24 бабы «Қылмыс жасауға дайындық»; 99 бабының 2 пункті «Өлтіруге әрекеттену»; 192 бабының 4 пункті «Топ болып бұзақылық шабуыл жасау», 287 бабының 4 пункті «Заңсыз қару айналымы», 288 бабының 2 пункті «Заңсыз қару дайындау», 291 бабының 4 пункті «Қару ұрлау», 200 бабының 4 пункті «Көлік ұрлау», 126 бабының 2 пункті  «Заңсыз бостандықтан айыру» бойыынша айып тағылды.

Сонымен қатар, Р. Лю Ж. Сапарбеков Е. Құсайынов, Д. Асембекулы, Н. Әбдімомын деген азаматтарға осы іске қатысты бірнеше айып тағылып отыр.

Алматыдағы теракт кезінде қаза тапқандардың туғандары айыпталушыларды өлім жазасын кесуді сұрайды.

Шілденің 18 күні сағат 11:00 куәгерлер Алматының орталығында атыс басталып кеткені туралы хабарлаған болатын. Алмалы ауданы ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Оқиға теракт деп бағаланды. Тергеу болжамы бойынша, қылмыскер жалғыз өзі әрекет еткен. «Күдікті бұрын түрмеде отырған, кейін полицейлерден өшін алғысы келген»,- деп мәлімдеген еді ішкі істер министрі.

Today.kz.

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды