jasqazaq.kz

Әртүрлі Алматы. Оқушылар жаяу-жалпылап мектепке әзер жетеді

26 қыркүйек 2016, 22:28

snimok

Өркениетті Алматыда әлі күнге дейін мектепке дөң асып, қалт-құлт еткен көпір арқылы қатынайтын оқушылар бар. Ұлжан-2 ықшамауданы пайда болғалы ата-аналар балаларын мектепке жаяу жалпы тасып келеді. Ал зарыға күткен бағыттық автобустың жүруінен тоқтауы тез болыпты. Енді 300-ден астам бала жүруге қауіпті, жолсыз саймен өтуге мәжбүр.

Өйткені, қос ықшамауданның арасына қатынайтын қоғамдық көлік жоқ. Осы жерге қоныстанғалы бері балаларын жаяу тасып келген жұрттың шыдамы шегіне жетіп тұр.

НҰРХАН ОСПАНОВ, Ата-ана:

— Үйретті бұларды. 115-ке келгенде қуанғаннын жүрегіміз жарылып кете жаздады. Енді келіп тұрып, мыналар мектепке барғысы келмейді жаяу. Мектептен қалып қойған кездері болды жылап.

СВЕТЛАНА ОМАРОВА, Ата-ана:

— Неше түрлі адамдар отырады. Поход жасап отырады. Өтуге қиын қазір кішкентай балалардың. Шығамыз 5-6 ата-ана жетектеп тағы 7-де. Барып болғанша сол сегізге он минут қалғанда әрең жетеміз мектепке.

Тұрғындардың қайтарсын дегені, қыркүйекте 115-бағыт автобусы 152-ші мектеп маңына тоқтайтын болған. Қуаныштары ұзаққа созылмай, автобус қозғалыс бағыты қайта өзгеріп кеткен. Енді оқушылар мектепке 1 сағат жүріп, жаяу қатынап жүр.

— Жауын жауған күні ана жерде су тасиды. Сосын ар жақтан айналып, су кешіп өтеміз. Балағымызды қайырып.

Ал Алатау ауданында шешілмеген мәселелердің көп екенін мойындаған әкім 115-ші автобустың қозғалыс бағытын аз уақыттың ішінде тұрғындарға қолайлы етіп өзгертуге уәде етті.

БАҒДАТ МӘНІЗОРОВ, Алматы қ. Алатау ауданының әкімі:

— Транспортный отделдың басшысы қазір солармен кездеседі. Керек десе, письмомызды жазамыз да, бұрынғыдай қалдыруға тырысамыз. Елдердің көбі бұрынғыдай қалуын сұрап отырса, онда мектептің алдынан жасаймыз.

Аудан әкімінің тырысамыз дегені, тұрғындардың талабынан қашқан түлкібұлаң болып шықпаса екен дейді ата-аналар.

31.kz

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету