Роза Рымбаева: Тағдырымды халыққа әнмен жеткіздім

14 шiлде 2023, 16:59


Отандық бағдарламаға сұхбат берген әнші Роза Рымбаева өзінің 23 жыл отасқан жары Тасқын Оқаповтың көз жұмған кезін есіне алып, сахнаға қалай келгенін айтты.
«Қайыспайтын әйел жоқ шығар. Жарынан айырылғанда, шиеттей екі баламен қалғанда, қайыспайтын адам жоқ шығар. Ол менің өмірдегі, өнердегі қолбасшым ғой. Қолбасшыдан айырылған соң таңдау керек болды. Балалармен үйде отырып, қарапайым әйелдің өмірін кешу ме? Әлде, барлығын бірге алып жүру ме? Алып жүру болды. Себебі менің негізгі мамандығым осы. Екі ұлыма тірек болғым келді. Екеуі де музыка мектебіне барды. Соларға үлгі болғым келді. Тағдырымның кейбір күрсінетін кездерін халыққа әнмен жеткіздім ғой. Ең бірінші маған халық үлкен қолдау көрсетті. Халықтың көмегімен тезірек сахнаға шығып, тезірек гастрольге шығып, солармен сахнада ән арқылы сырласып, қуанышымды-қайғымды бөлістім. Былай айтқанда, мені сахна алып қалды деп айтуға болады. Кез келген шығармашылық адамы өз шығармашылығы арқасында күйзелістен де, кейбір қиыншылықтан да шығатын сияқты. Өзім сахна әртісі болғандықтан, солай ойлаймын», — деді Роза Рымбаева.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды