jasqazaq.kz

Роза Рымбаева: Ендігі арманым – ұлдарымды үйлендіріп, немере сүю

19 ақпан 2018, 16:16

Өмірінде екінші рет Тасқындай азамат кездеспегенін айтқан Роза Рымбаеваның ендігі арманы тұрмысқа шығу емес, немере сүю. 

Nur.kz хабарлағандай, «Жұбайымның махаббаты маған күні бүгінге дейін күш беріп келеді. Мүмкін, өмірде мені де, өнерімді де дәл Тасқындай түсінетін азамат кездессе тұрмысқа шығар ма едім?! Жалғызбын деп айтпаймын. Өйткені, қос ұлым мен бауырларым бар. Осы жасымда секеңдеп тұрмысқа шыққаным маған жараспайды. Сондықтан, менің емес, ұлдарымның тойын күтеміз», — деп ағынан жарылды әнші.

Сондай-ақ әнші: «Әли ертең үйленемін десе, бүгін құдалыққа баруға дайынмын. Келінге қатып қалған қағидам жоқ. Тек тазалыққа ерекше мән беремін. Ендігі арманым ұлдарымды үйлендіріп, немере сүю. Үнемі сахнада жүремін деп айта алмаймын. Жасым, уақытым келген кезде өнермен қоштасып, үйде немерелерімнің бесігін тербетіп, әлдиімді айтамын», — деді.
Айта кетейік, Халық әртісінің келінге деген қатып қалған қағидалары да жоқ. Келіндеріне қоятын басты талабы: ұлдарын сүйіп, сыйлай білсе болғаны. Ал келіннің білмегенін, болашақта бірге жүріп үйреткісі келеді екен.

 

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды