Әлемдегі ең танымал футболист, ата аңызға айналған спортшы Криштиану Роналду өзінің Instagram парақшасында халықты Рохинджа мұсылмандарына көмек беруге шақырды, деп хабарлайды NUR.KZ.
Роналду өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, халықаралық қауымдастықтарды Мьянма еліндегі қайғы-қасіретке тап болғандарға көмек қолын созуға шақырған.
Ол Рохинджа мұсылмандарымен қоса өзінің балаларымен түскен суретін де жариялапты.
Еске салсақ, осыған дейін футбаолист сұхбаттарының бірінде мұсылмандарды жақсы көретінін, оларға әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін айтқан еді.
«Мен бұл қайырымдылықты атақ-даңқ үшін жасамаймын. Тек балаларға көмектескім келеді. Себебі менің де балалық шағым қиын болды. Ағам екеуміз бір төсекте ұйықтап, ойыншық алатын ақшамыз болмады. Мен тұрмыстық жағдайымыздың нашарлығына ызаланып, допты тебе беретінмін. Бар өшімді содан алғым келетін», — деген Роналду өз сұхбатында.