jasqazaq.kz

Роман Скляр Боао Азиялық форумына қатысты

29 наурыз 2025, 13:24

Боао Азиялық форумының (БАФ) 24-ші сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсянмен кездесті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде Роман Скляр Қазақстан–Қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайтуға және сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға күш салуға дайын екенін білдірді.
Дин Сюэсян екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетудің және мемлекеттер басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар ҚР–ҚХР Ынтымақтастық комитеті отырысының қорытындыларына оң баға беріп, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейіндегі тұрақты кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, барлық өзекті екіжақты мәселелер бойынша тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға келісті.
Роман Скляр қытайлық әріптесін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Өзгермелі әлемдегі Азия: ортақ болашақ жолында» тақырыбында өткен Боао Азиялық форумының 24-ші сессиясының ашылу салтанатына қатысты.


Форумға 60-тан астам елден келген делегациялардың басшылары және 2 мыңнан астам үкіметтік ұйымдардың жетекшілері, ірі компаниялардың, ғылыми топтардың өкілдері және сарапшылар қатысты.
Роман Скляр БАФ шеңберінде «Жаһандық жеткізу тізбегінің тұрақтылығын сақтау: байланыстың рөлі» тақырыбында өткен панельдік сессиясында негізгі спикер ретінде сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына, сауда кедергілерін азайту және жаңа көлік бағдарларын қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысқа, сондай-ақ өзара жеткізу тізбектерін жетілдіру үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануға қатысушылардың назарын аударды. Қазақстан делегациясының басшысы Азия құрлығы елдеріне жаңа мүмкіндіктер «терезесін» аша отырып, тығыз байланыс орнатуға шақырды.

JQ-Aqparat

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк